Өлең, жыр, ақындар

Қайта оралдым!

Алыстап кетіп едім арманымнан,
Армандап көз ілетін таңдарымнан.
Жүрегімде мұңайып жабырқайтын,
Өнерден шеттетіліп қалғанымнан.

Қайта оралдым жарыққа алаңдама.
Жетеледі бір сәуле қалайғана?
Уақыт салып араға зымыраған,
Қайта оралдым, жарығым уайымдама.

Ғашық екем өнерге шын жүрекпен,
Өлең жазам, ұнайма деп мың күдікпен.
Тәңірім алыстатпа мені мына,
Қанатыма айналған өнерімнен.

Иа біз қайта оралдық құрметті оқырмандар! Алдыңғы "Ғалым Берікұлы" деген парақшамыз белгілі бір себептермен жабылып, орнына "Ғалым Берік" деген парақша аштық. Бізбен бірге болыңыздар!



Пікірлер (1)

мадина Бағыт

өте әдемін өлен екен

Пікір қалдырыңыз

Ұстаз деген!

  • 0
  • 1

Біздер әлі өтелмеген парызбыз,
Сары дала сайрап жатқан сан ізбіз.
Білім беріп тәрбиелеген ұстаздар,
Алдарыңда мәңгілікке қарызбыз.

Толық

Қарап көріңіз