Өлең, жыр, ақындар

Ғасырдан асқан атам- Жамбыл атам

Ғасырдан асқан атам –Жамбыл атам,
Жебеп келеді, балаңды, сенің батаң.
Тыңдап өстім атамның өлең –жырын,
Әр сөзіңді санама тоқып жатам.

Ұрпағың бір өзіңмен мақтанады,
Жаттап өсіп, жырыңмен шаттанады.
Жақсы сөз жанымызға ырыс беріп,
Әрбір сөзге ойымыз тоқталады.

170-жыл толып отыр мінекей,
Құттықтайды өз ұрпағың, өз балаң.
Қасиетін өлеңіңнің білмес кей,
Тыңдап жатыр, туып өскен өз далаң.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз