Өлең, жыр, ақындар

Болашаққа сенемін!

Қара қазақ делебесі қозғанда,
Бар пәрменмен биікке қол созғанда .
Желден жүйрік жүйіткіген қиялым
Дүбірлеген қазанаттан озғанда
Болашаққа сенемін!

Жүректерде намыс оты жаралғанда,
Арай болып санамызға таралғанда,
Айға мынау пенденің өзі емес
Қанаттанған ақ арманы бара алғанда
Болашаққа сенемін!

Қыз қылығын назданып жасырғанда,
Бұл гүлдерге сүйсіну басылған ба?!
«АНА» деген ұлы ұғымды арқалап,
«Текті қазақ» сыйлап мерей асырғанда
Болашаққа сенемін!

«Жігітпін» деп сөзін желге шашпағанда,
Ішіп-тойып шет елге қашпағанда,
«Елім-жерім сен үшін жаным құрбан»
Деген ұран ұлтына тастағанда
Болашаққа сенемін!

Аға болып інісін «тыныс» қылса,
Інісі «жағасымен» мың іс қылса,
Татулықтан тапжылмайтын қамал соғып,
Өзгелерге өнегемен тың іс қылса
Болашаққа сенемін!

Жастарым бар жігерін жинағанда,
Барша қауым насихатқа илана ма?
Тілін, дінін сақтауға күшін салып,
Нар қазаққа тағы үміт сыйлағанда
Болашаққа сенемін!

Қазыналы қариялар ақ батасын бергенде,
Түзу жолын сілтеп жүрер көргенде.
Еліктегіш жастарға бағыт-бағдар нұсқауға,
Жақсы істің нышанын айқара ашып бергенде
Болашаққа сенемін!

Ұрпақтарын жан-жаққа сатпағанда,
Тәңірім мұндайды да жақтаған ба?!
Қандастарға баба жерін бөліп беріп
Қазағым мәңгі бірлік сақтағанда
Болашаққа сенемін!

Ақ тілектің ақ нөсері құйылғанда,
Жас елімнің сан-сақ ойы жиылғанда,
Тек жақсылық күтетін ертеңінен
Ер елімнің бағы өзіне бұйырғанда
Болашаққа сенемін!

Сен де, сен болашаққа, меніменен!
Ол сенімнен қуатым еш кемімеген.
Қолыңды бер бауырым аттанайын
Кемелді келешекке сеніменен!!!


Бимырзаева Әсел Маханбетқызы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үміт

  • 1
  • 0

Жүрегімде үміт бар ұялаған
Бүкіл арман қиялым сияды оған.
Үміт күші үкілеп жетелейді,
Жақсы нышан, сенім, серт жиям одан.

Толық

Талшыбық

  • 1
  • 0

Ей, талшыбық, сен өзгерт ұғымыңды,
Кешегі бабаңның сыры мұңлы.
Асау ғұмыр тасқыны басылды енді
Лайлатпа ешкімге тұнығыңды!

Толық

Мазасыз - ..., мазасыз - ...

  • 1
  • 0

Ей, мазасыз, мені қажытпашы,
Жаман ойдың түймелерін ағытпашы.
Қарияға дуалы бата сыйлап,
Жас өренді адал жолға бағытташы.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер