Өлең, жыр, ақындар

Оралармысың

Кербез қылықтым, даралы мүсін,
Сілтедім тағы қаламның ұшын.
Тас жүрек болып жаралғанбысың?
Жанымды менің жаралау үшін!

Мендейін сен де жаралымысың?
Қайтара алман жараның күшін,
Сенбессің сен де, амал қалмады,
Басқап көрмеген, жаралым үшін.

Таралып сан мың тарауға ішім,
Тамырын шапқан тал арманбысың?
Біздің қолда емес өзгерту әттең,
Тағдырдың жазған боларман ісін.

Бірге мас болып айыра алмадық,
Сезім әлемнің өң менен түсін.
Бір қағып қанат, бұлдыр елесім,
Өткен күндерден, сен келермісің?

Ұша алман бірге, шын – жалғанымсың,
Жалғаннан шынға шыңдалғанымсың.
Жылы жақтан мен қайтып оралдым,
Оралар болсаң, тез орал құсым!

Дәл менің бағым бола алармысың?
Кезе бер еркін, аралап ішін.
Мөлдір – тұнығым, толқындай тасып,
Сағымдай жылжып, оралармысың?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрек кінәлі

  • 0
  • 1

Жүрегім ақылымнан таяқталды,
Мәңгілік махаббат та саяқ болды.
Екі жылға созылған бұл хикаят,
Екі сағат ішінде аяқталды.

Толық

Қадірліме

  • 1
  • 0

Бақытым едің,сағымым болдың,
Бойыма сіңген сылдыр үндерің.
Жарық сәулені басып жанышты,
Дәрменсіз қалған табыт күндерім.

Толық

Саған

  • 0
  • 0

Таудан аққан бұлақтай,
Шыңға шықсам құлатпай.
Саған деген гүл сезімді үзгенің бе?
Қалғаның ба жаным мені ұнатпай?

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер