Өлең, жыр, ақындар

Сенім дейсің...

Сенбеймін дейсің!Сенімге айтшы кім лайық?
Сен бар әлемде қайғың да,мұң ғайып
Көңілді келіп көктем еткен көгершін
Айтарың бар ма...тыңдайық...

Үндемейсің,сыр бермейсің үркегім
Барымнан да,арымнан да үлкенім
Мінезіңнің көркемін көкке көтеріп
Кемшін тұсын жүрегіммен бүркедім

Сен карындас,мен рөлінде ағаның
Бағамдай алмай көңілдің көзсіз бағамын
Ұяңдығыңнан ұялып жүріп ұнатқан
Көрдің бе көкем ағаңның қандай жаманын?!

Күдігіңнің бар кеселін бер түнге
Сағым болу,таңым болу еркіңде
Көнем десең,келем десең жаныма
Сендікпін де,тұрамын де сертімде

Сенім дейсің!Айтшы оған кім лайық?
Сен жоқ жерде қараңғы әлем,түн ғайып
Айтып жүріп екеуіміз екі әуен
Айтшы өзің,таға аламыз кімге айып?

(С)Абзал Алтый



Пікірлер (1)

Ернар

Мен қалай осы сайтқа өлең жариялай алам

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар