Өлең, жыр, ақындар

Күліп кет!

Күліп кет
Отырайын...көңілімде қалып кек
Келеріңде ала келген үмітті
Керек емес...алып кет

Күліп кет...
Жеңе аласың...жүрегімді жарып тек
Келгендей бір қайтаратын уақыты
Сезімді де 'Прокатқа" алып пе ек?

Күлімде...
Еске алмайын өткенімнің бірін де
Өлгеннен соң көре алмасым анық қой
Тым болмаса сезінейін тірімде...

Күлімде...
Жеңілдесін сəл де болсын жүгім де
Ертеңгі күн не боларын кім білсін!?
Сəл жымыйсаң жетеді ғой бүгінге...

Жылама...
Кінəлəма...кешірім де сұрама
Тек ұмытпай,есіңе алсаң болғаны
Бір кездері сүйген деп мені бір аға!

Жылама...сонда да...
Қимай жанын...жүрек жылап тұрады ə?
Таптың ғой сен бақытыңды жақыннан
Мен таба алмай кетемін ау сірə да...

Бөлексің...
Мұнар таудай мұңдарыма себеп кім?
Бір бұрылмай кеткеннен соң артыңа
Қалайда сен...бақытты болу керексің...

Бөтенсің...
Енді маған бөтенсің...
Өксіткенде өкініш...
Күле де алмайды екенсің...

Ал сен...
Күліп кет...
Біз де бір күн бақытты боп жүріп пе ек?
Жанарыңда жас іркіліп тұрса да
Күліп кет...ботам...күліп кет...

(С) Абзал Алтый



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар