Өлең, жыр, ақындар

Патша құдай, сыйындым

  • 15.04.2015
  • 1
  • 18
  • 41428
Патша құдай, сыйындым
Тура баста өзіңе.
Жау жағадан алғанда,
Жан көрінбес көзіме.
Арғын, Найман жиылса,
Таңырқаған сөзіме.
Қайран сөзім қор болды,
Тобықтының езіне.
Самородный сары алтын,
Саудасыз берсең алмайды
Саудыраған жезіне.
Саудырсыз сары қамқаны,
Садаға кеткір сұрайды
Самарқанның бөзіне.
Кеселді түйін шешілсе,
Көрдең мойын кесілсе,
Келмей кетпес кезіне.
О да - құдай пендесі,
Түспей кетер деймісің,
Тәңрінің құрған тезіне?



Пікірлер (18)

Акбота

Зор,зор

Аружан

Зор. оте тамаша.

Аяжан

Тамаша

Милашку

Абай атанын олендеры быр журекке от салады зор олендер

Сафиа

Маган Абай атанын олендеры унады Абай атанын олендеры жалгаса берсын

Айжан

Тамаша

Камила

Ия.зор,тамаша керемет Абай атаның өлеңдері жалғаса берсін

каусар

Абаи тамызды былмеитын казак казак емес
02.14.2020ж

камилага

абаи атамыз омырден озган жокпа калаи жалгасады

каусар

абаи атамыз ерекше жан

Myrza

Өте тамаша!

Гауһар

Сомородны қазақшасын білмесеңіз айтайын ұқсас

Дастан

Гауһар, Абайға ақыл үйретпей-ақ қойыңдаршы))

Алтын

Керемет!!!!

маратовна

әдемі
керемет
рахмет көп мәлімет алдым

АНСАГАН

САЛЕМЕТСИЗДЕРМЕ

Пікір қалдырыңыз

Мен сәлем жазамын

  • 1
  • 14


Мен сәлем жазамын,
Қарағым қалқама.
Қайғыңнан азамын,
Барушы айта ма?

Толық

Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас

  • 1
  • 9

Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас,
Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.
Жүректен қызу-қызба кете қалса,
Өзге тәннен еш қызық іс табылмас.

Толық

Малға достың мұңы жоқ малдан басқа

  • 2
  • 2

Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,
Аларында шара жоқ алдамасқа.
Табысына табынып, қалтаң қағып,
Тойғанынан қалғанын берсе алашқа.

Толық

Қарап көріңіз