Өлең, жыр, ақындар

Өмірім өлең-өрлеген

Мұң басқан ойлар,
Мұңдасқан сырлар,
Кеудені өртеп жандырар.
Өртенген кеуде,
Өзгермес пенде,
Жанарды жасқа толтырар.
Жігерді жасып,
Арманнан асып,
Биіктен əрі асырар.
Ғашықтық деген,
Асықтық екен,
Жүректі лаулап жандырар.
Ақындық деген,
Жалғыздық екен,
Сыр басқан түнде,
Сырласқан күйде,
Оңаша жалғыз қалдырар.
Өлеңім өмір,
Өмірім өлең,
Мұңымды жырлап, сырласқан.



Пікірлер (3)

Амангул

керемет

Салиха

Үлкен толғаныс пен сезімтал сезім жырланған өлең шумақтары. Қаламың талмасын. Жұлдызың жарқырасын

Ернар

Болашағың жарқын болсын)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз