Өлең, жыр, ақындар

Өмірім

Қиналамын білесің бе?
Өт кеудемі сезесің бе?
Шаршаттырған,əй,өмірім!
Маған қарап күлесің бе?
Көзіме жас жинап жүрсің,
Жүрегімді қинап жүрсің.
Арпалысып өтем бе екен,
Маған қайғы сыйлап жүрсің.
Түсінісе алмай өзіңменен,
Қаншама түн көз ілмегем.
Күресуден шаршап жүрген,
Мен бейбақпын соны білем.

Сергелдеңге салған,құрғыр Өмірім,
Жабырқаулы жалғыз менің көңілім.
Қайткенменен жетем үлкен белеске,
Алдамаса келешек бір ғұмырым.



Пікірлер (1)

Ляззат

Мағыналы...

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз