Өлең, жыр, ақындар

Мәңгілік ел -мұратым !

Мәңгілік ел – мұратым !
Ілгері жылжып, дәйім тек алға басасың,
Биікке самғап, құз биіктерден асасың.
Дамуға ғана таудай талаппен жылжитын
Мәңгілік елім мәңгілік қана жасасын !
Жақсылық жасап, жамандықтардан қашасың
Әділдік іздеп, шарқ ұрғандарға тасасың.
Қатігездерді мейірімділікпен баурайтын
Мәңгілік елім мәңгілік қана жасасын !
Домбыра тартып, тарихты жырға қосасың.
Білімділермен тың жаңалықтарды ашасың.
Өнер-ғылымға баулитын барлық жастарын
Мәңгілік елім мәңгілік қана жасасын !
Уақытың- тығыз, бірақ дәстүрге босасын
Батамен ғана ұзақ жолдарға басасың.
Бойына әдеп, ар мен намысын жинаған
Мәңгілік елім мәңгілік қана жасасын !
Жетеді жұрттар бірліксіз, аз-ақ ұстанымды
Татулығымыз біздің – үлгілі, ғажап іс танымды
Құшағыңды аш, әлем, жадыңа сақта, танып қой
Мызғымас менің мәңгілік Қазақстанымды!
Пейіліңдей кең-ау созылып жатқан қыратың
Құшағың ашық дұшпанға қастық қылатын.
Осындай дархан көңілмен айтам шүбәсіз
Қазақпыз біздер сөзінде бекем тұратын !
Қазақпыз біздер бақыттан алар қуатын !
Мәңгілік ел мұратым емес, ендеше
Мәңгілік ел- менің тұғыры биік шын атым !!!



Пікірлер (14)

Aimgul

Керемет жарайсың!Тек қана алға

polatova

Көп ракмеетт!!!

Нұрлан

Осындай қазақ қыздарымыз барына мақтанамын! Тек алға????

polatova

Рақмеет үлкеен үлкеен! 

Таңат

Өте керемет. Осындай жалынды жастардың арқасында Қазақстанның болашағы айқын болады деп ойлаймын. Айнұр, тек қана алға????????????

Таңат

Айнұр,тек қана алға!! Жарайсың!!!

Бейбарыс

Қаламың ұштала берсін

Айнура

Танат,ракмеет улкееен улкееен!

Айнура

Бейбарыс аға, көп рақмеет!

Таңат

Керемет екен, жарайсың!!

Ерсұлтан

Қымбат боп елімнің кұны алдағы,
Жанашыры болса егер дәл өзіңдей!
Мәңгі елдің мәңгілік ұландары,
Сендер барда шаттанады жан езілмей)

Айнұр,жарайсың.Қарымың мықты.Алар асуың көп болсын!

Нұршат

Айнура, жарайсың!!! Осы қалпыңнан тайма, биік шыңдарды бағындыр!!!

Nurr

Өте керемет,әрі әсерлі. Еңбегің өрлей берсін, жемісін көр!

Инабат

Жарайсың Айнур.Осы қалпыңнан тайма

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз