Өлең, жыр, ақындар

Отыздан асып біріне қадам басамын

Ұлы Абай атамыздың әрбір сөзі –қазақтың бойтұмары. Абай атамыздың 15-ші қара сөзіндегі «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?»-деген үзіндісі түсінген жанға берер тәлімі мол дүние екеніне күмәніміз жоқ. Өз басым осы үзіндіні үнемі көңіліме сақтап,өзімнен өзім есеп алып жүремін.

Ал, менің бүгінгі есебім, кейінгі он жылдық өмірімдегі болған өзгерістермен жазылды. Міне, көзді ашып –жұмғанша қамшының сабындай болған қысқа өмір сырғып өте шығуда. Биыл жасым отыздан асып, біріне қадам басқан шағымда, ой елегіне келіп тұрып алған жыр жолдарымды сіздермен бөліскенді жөн көрдім.

Отыздан асып, біріне қадам басамын,
Еліме мынау нендей қызмет жасадым.
Бітірдім оқу, қызмет етем мектепте,
Ұстаздықты шын жүректен қаладым.

Отыздан асып, біріне қадам басамын,
Еліме мынау нендей қызмет жасадым
Мақала жазып ойымды айтам кей-кезде,
Жазармын талай мұқалмай тұрса қаламым!

Отыздан асып, біріне қадам басамын,
Еліме мынау нендей қызмет жасадым.
Он жыл алдын тұрмысқа шығып жарыма,
Өзімнің мәңгі бақытым деп баладым.

Отыздан асып, біріне қадам басамын,
Еліме мынау нендей қызмет жасадым.
Шаттығын ойлап отбасы ошақ-қасының,
Ұл менен қызды жарыма мен сыйладым.

Отыздан асып, біріне қадам басамын,
Еліме мынау нендей қызмет жасадым.
Тәрбиесімен аяулы ата-әжемнің,
Шаңырақта көргенді келін атандым.

Отыздан асып, біріне қадам басамын,
Еліме мынау нендей қызмет жасадым.
Отбасымның бақыты үшін өмірде,
Күресуде бар күшімді саламын.

Отыздан асып, біріне қадам басамын,
Еліме мынау нендей қызмет жасадым.
Ардақтап өтем елімді мынау ғаламат!
Денсаулық болса талай асудан асармын!

Отыздан асып, біріне қадам басамын,
Еліме мынау нендей қызмет жасадым.
Аллаға шүкір бақыттымын өмірде!
Баршаға барша мың да бір алғыс айтамын!

ОҚО, Мақтарал ауданы, Асықата кенті «Н.Төреқұлов атындағы
№121 жалпы орта мектебі» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Тультаева Перуза Альмахановна.

16. 08. 2017жыл.



Пікірлер (2)

Модератор

Авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді белгілеген дұрыс болады. Егер авторы өзіңіз болмасаңыз тек Аты және тегін ғана жазу керек. Артық нәрсе жазудың қажеті жоқ.

Перуза

Авторы өзім

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз