Өлең, жыр, ақындар

Мұқағали-бір өлең

Дара тұлға,ұлы шайыр ,бір өрен
Жырларына сыйып жатқан бар əлем.
Тарихымен тамырында ұлылық
Орнап тұрар Мұқағали-бір өлең.

Жас тамдырып жанарына азғынның ,
Жалынына шабыт қосқан жастардың.
Өлеңінде өмір атты өзен бар,
Толқындары тербеп тұрар тасқынын.

Жыры білім, шежіреде,дастанда
Жеті қат жер ,жыры оның аспанда.
Ғибраты бір сөзінен білінер,
Əр өлеңі қымбат жауһар тастан да.

Сағыныш бар ,сабылыста,күйбелең
Өз өлеңі өзін оның түйреген.
Жай мақтауды санасына қоспаған,
Мұқағали ерек ақын өзгеден.

Тасытпасын,асыртпасын жасында,
Қарапайым болмысы тек қасында
Ақындығын адамдыққа бойлатқан,
Ұлы тұлға бір туатын ғасырда.




Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір ағын!

  • 0
  • 0

Сұңғақ өмір! сиқырлады сыр əнін,
Басылғанша ,жазады екем құмарым.
Менің тұйық əлемімнің пердесі
Шашылатын күтетіндей шуағын.

Толық

Нұртуған туған ауыл -Жыр!

  • 0
  • 0

Жыр кемеден теңіз беттей қармадық,
Өлең жанды өмірденде жалғадық.
Тыныс дəмім нəрлі ауасын сезінген,
Жырлы ауылға нұрлы ұрпағын салған нық.

Толық

Жан толғау

  • 0
  • 0

Əр қайғымнан ақ жүрегім қараңғы,
Не улайды түсінбеймін санамды?
Жақсылықты сирек қана сезініп,
Жиілетіп көре берем жаманды.

Толық

Қарап көріңіз