Өлең, жыр, ақындар

БАҚЫТТЫ ӨМІР, ОЛ - БҮГІН

Бақытты өмір, ол - бүгін,
Бірдей болған өң-түсің!
Ертеңгі күн - елес күн,
Көңілді өтсін бір күнің!

Бақытыңа бастайтын,
Жақсыға жоры түсіңді.
Ертеңге артар үміт көп,
Бағаласаң әр күнді.

Қолыңда тұрған Бақытты,
Жоғалтып сен алмағын.
Өткізіп ап уақытты,
Өкінішке қалмағын.

Бағаласаң әр сәтін,
Бақытты болар әр күнің!
Ертеңгі күн - елес күн,
Бақытты өмір, ол - бүгін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

СУ

  • 0
  • 6

Су патшасы Сүлеймен,
Су қасиетін кім білген?
Су - өмірдің тірегі,
Ой қабілеті кең екен.

Толық

Үш қасиет

  • 0
  • 0

Бар адамның арманы ғой,
Бақытты болу - әрине!
Сол арманды жалғайды екен,
Үш қасиет өмірде!

Толық

Сұрақ

  • 0
  • 0

Білесің бе?
Бар сұрақтың жауабы бойыңда екен,
Бұл өзі табиғаттың сыны ма екен?
Қасиеті өміріңнің ойыңда екен,

Толық

Қарап көріңіз