Тамшы сезім

Ыстық жасым жанды баурап, тербеп кеткен ақ тұман,
Түсінуге сол сезімді асығамын, аптығам,
Айбынды жан, арда азамат, ел деп соққан жүрегі,
Мұндай жанды жырлау үшін таптым шабыт, таптым ән.

Қалың қазақ жұртын жәйлап, қалың ұйқы басқанда,
Қара тұман қаптап келе жатқан кезде аспанда,
Осы кезде өр Мағжаным дабыл салды өлеңмен,
"Жауыз тағдыр жойды бәрін, ешкімнен еш жасқанба"

Ызың қаққан бал арадай келді Мағжан жаршы боп,
Тамшы сезім тамар сонда мөлт-мөлт етіп, тамшы боп,
Тамған сезім талықсыған елге деген махаббат
Сол махаббат ең соңында тиді өзіне қамшы боп.

Репрессияға ұшырады қазағымның тарланы,
"Ұлтшыл" деді. Жалған айып қарғап алды, қармады.
1938. Жек көремін бұл жылды
Осы жылы теріс кетті қазағымның арманы.

Тура келген ажал оғын шамаң бар ма тоқтатар?
Қарсы келсең бұл тағдырға өзі көздеп, оқты атар.
Мүмкін Сібір, мүмкін КарЛАГ, о дүниеге кетсең де,
Ойламаймын тармақ жырың есіміңді жоқтатар...

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)