Өлең, жыр, ақындар

Ұстазыма

Мұғалім
Білгіш біздің мұғалім,
Тапқыр біздің мұғалім.
Бізге бәрін үйретер,
Рыскүл деген апайым.
Оны бәрі сыйлайды,
Ақылын да тыңдайды.
Оқушылар құрметтеп,
Әнге қосып жырлайды.

Сапархан Бекназар
Н.Төреқұлов атындағы №121 ЖОМ-нің
2 «Б» сынып оқушысы

Біздің апай
Біздің апай данышпан,
Айтқан сөзі алтын ғой,
Біздің апай мейірімді,
Құшақ жая қарсы алар.
Мейірімділігі шексіз ғой,
Білмейтіні жоқ апайым.
Шексіз махаббатпен біздерді,
Оқытады әлі тоғыз жыл.
Алғысымыз көп біздің өзіңізге,
Сенеміз, бізге айтқан сөзіңізге. Н.Төреқұлов атындағы №121 ЖОМ-нің2 «Б» сынып оқушысы Нәзір Мадина
Ұстазыма
Менің жақсы ұстазым,
Білім берер әрдайым.
Неткен сұлу жан еді,
Қазақ тілі апайым.
Н.Төреқұлов атындағы №121 ЖОМ-нің 2 «Б» сынып оқушысы
Акимбай Ақнұр

Анашым
Анашымның ақ сүті маған қуат береді,
Ақ сүт берген анасын бәрі жақсы көреді.
Әлемде жоқ анасың, ас бересің әркімге,
Аналарды осындай мақтай бергім келеді.

Жаз
Жаз келді, алақай!
Ойнап-күлейік балақай.
Шаттанайық, күлейік,
Жаз болсын деп тілейік.
Қыс
Қыс келді, балалар,
Зулайды шаналар.
Аққала да жасайық,
Алға қадам басайық!
Н.Төреқұлов атындағы №121 ЖОМ-нің 2 «Б» сынып оқушысы
Шекербек Жадыра
2 «Б» сынып оқушысы



Пікірлер (1)

Torekylov

Оқушыларымның шығармаларынан.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар