Өлең, жыр, ақындар

Сенім

Қорықпаңдар адамдар бұл өмірден,
О, дүние бұл өмір жалғасы екен.
Өмірдің алтын кілті өзіңде екен,
Әр пендені ап шығар Сенім екен.

Ортаймасын шаттықтан көңіл-кесең,
Сенерме ең кінәлі ол өзің десем.
Өз қолыңда өзгерту өміріңді,
Ашайын сенімнің сол сандығын мен.

Кінәліні іздесең сырттан егер,
Бұл өмірден өткенің сенің бекер.
Сыртқы дүние көрсетпес кім екенін,
Ішкі жан дүние қашанда бал мен шекер.

Қорықпаңдар бұл өмірден бауырларым,
Сезініңдер қар мен құз, дауыл барын.
Әр басқан қадамдарың берік болсын,
Сеніммен орындалып мақсаттарың,
Сенімдерің бойыңа серік болсын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сұрақ

  • 0
  • 0

Білесің бе?
Бар сұрақтың жауабы бойыңда екен,
Бұл өзі табиғаттың сыны ма екен?
Қасиеті өміріңнің ойыңда екен,

Толық

ӨМІРГЕ ӨКПЕЛІ ЖІГІТКЕ

  • 0
  • 0

Әй, бауырым, сен неге өкпелейсің,
Бәріне де кінәлі өмір дейсің.
Өмірдің саған қандай жазығы бар,
Соны ойлап күндіз-түні көз ілмейсің.

Толық

АНАМА ЕСТЕЛІК

  • 0
  • 0

Кейбіреудің жүрегінен
Орын таба ма деп,
Қолдағы бар алтынын
Қадірлей алмай жүргендер,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар