Өлең, жыр, ақындар

Сені ойлап

Қара түнде ойлап сені жатамын,
Жұлдыздарға теңеп бір өзіңді.
Өзге жаннан өлердей қызғанамын,
Ең жарық жұлдызымсың мендегі.

Күндіз күнге теңеп, ғашық болам,
Сенің нұрың жарық деп, күн нұрынан.
Сəулеңмен өлген жүрек тіріледі,
Тірілген гүлдей болып, күн нұрынан.

Көздерің сенің тұңғиық, кеттім батып,
Шыға алмай қаларым болды анық.
Гаухарға да теңедім көздеріңді,
Теңіздің түбіндегі, асыл тас деп.

Тағдырдың берген сыйымсың баға жетпес,
Жоқ екен шартарапта саған теңдес,
Өзгеден артық туғансың, ақыл жетпес.
Сипаттауға өзіңді, өмірде жетпес, сөз жетпес.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз