Өлең, жыр, ақындар

Ақтауым менің

Ақтауым менің қанатын жайып қалықтап,
Күн сайын өсіп келеді жәйлап анық бақ.
Шет жақта жүрсем өзіңе қарай асығам,
Ұштасқан тағдыр, шағала қиял шарықтап.

Ақмаржан қалам қанатым сенде бекіді,
Жаныңды тербер түнгі қаланың тек үні.
Теңізге төніп, еңкейіп тұрған ақ қалам,
Каспийде тұрған ғажайып жұмақ секілді.

Ақтауым әнім, арулығың маған керегі,
Ақ шаңқан үйлер баурыңда өрбіп келеді.
Арманымның толқыны шайқап тербеп тұр,
Көкжиектен көрінген аппақ кемені.

Төсіңде өрген ұл, қызыңменен мақтанам,
Ару қаламның сұлулығын сақтаған.
Мәңгілік елдің перзенттері деп білемін,
Дана халқымның үміт, арманын ақтаған.

Ақ арман қалам жаға жайыңмен мақтанам,
Қапыда қалма сұр қала, -деп күн қақтаған.
Кәусар ауаңды кеуде керіп бір жұтқанда,
Ойыңнан шығар асау теңізім, ақ қалам.

Киелі өлкем Маңғыстау ата мекенім,
Астанам Ақтау өзіңді мақтан етермін.
Дем алыс алсаң Ақтауға бұрың ат басын,
Көріп кет көзбен Ақтауым аққала екенін.








Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көп артық

  • 0
  • 0

Жалқау болып жатқаннан,
Жүгіріп жүрген көп артық.
Түнеріп тұрған күніңнен,
Ағарып атқан таң артық.

Толық

Етігімді бірге көм

  • 0
  • 0

Баяғыда Əкем айтқан əңгіме түсті есіме,
Өздеріңе жырлап бермей бұлданайын несіне.
Туу хақта өлу хақ ғой, дүние қума қарағым,
Сұм дүниенің жолына түссең ашылады араның.

Толық

Омар Хайям рубаяттары орыс тілінен тәржімелеген Насыреддин Қожырбайұлы

  • 0
  • 0

Әй ессіз байлығыңды шаш, жұмса,
Ұрылар сөз байласып аштырса,
Саудыраған сүйегің жатар қабірде,
Қазына болмассың көріңнен қайта суырса.

Толық

Қарап көріңіз