Өлең, жыр, ақындар

Толғаныс

Бұл жалғанда ұшпаққа жеткен, кәне,
Сөрең-кеше, жол-бүгін,ертең-мәре
Емексітіп, ертіп ап адастырар
Неткен қызық бұл жалған, неткен пәле

Шың басына шаншылған дара шынар
Мейлі, жүз жыл, болмаса, мың жыл тұрар
Мәресіне жеткенде бір күн сынар
Сол жерде топыраққа сіңіп тынар
Шың басына қонады қалың мұнар
Солай сөйтіп сол шынар ұмытылар...

"Тірліктің басы-сайран, арты-ойран"
Дегенді бұрынғылар алды ма ойдан
Жар астынан жау іздеп жауыққанның
Тірлігі: күні-соғыс, түні-майдан
Қанша қима қызығын, қуанышын
Мезгіл жетсе қайтармыз Ұлы тойдан
Маңдайшаға Аяз би жаман тонын
Шегелеткен қалайша-оны да ойлан;
Ойлай-ойлай бас қатып, миың ашып
Құның төмен болмағай кәрі қойдан

Не қажет өзім білмес ,сонда маған
"Бермегенді қолыңнан жолдан алам"-
Деп күпсінсем күпірлік болар еді
Ондай жанның кезі жоқ сорламаған
Бұл дүниенің есігін ашқан адам
Қай қашанда, қай жерде болмақ адам
Тіршілікте күліп те, күрсініп те
Күн кешерміз, жайлар көп ойламаған
Мен тілейін Тәңірден "бере көр"-деп,
Қай пендесін Жаратқан қолдамаған:

- Төсіменен қар бұзар қазанат бер,
Құлақ асар сөзіме жамағат бер,
Көкше мұзға түсетін мініс атын
Үш емшекті тағамен тағалап бер,
Береріңді кезеңге бөліп-бөліп
Артық емес, кем емес, шамалап бер,
Саңылаусыздау санамнан тесік жасап
Көкірегіме құйып бер, саралап бер,
Бергеніңе тойымсыз пендең едім,
Қанағат бер,тәңірім, қанағат бер!..




Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұқағали Мақатаевтың туған күнінде

  • 1
  • 1

Сен туыпсың бүгін қазақ арысы
Еңсегей бой,бүркіт қабақ сарысы
Жаратқаннан өлең атты енші алып,
Өлең болған бар ғұмыры, бар ісі

Толық

25*2=50*1

  • 1
  • 0

Алла қосса,
Бірер жылда
Мен де елуге келермін
Қалың елім,

Толық

Наурыз тойында

  • 1
  • 0

Таудан құлап төгіліп, саулап қырдан
Жып-жылы леп жаңартып таңды аттырған
Алты ай қыс арқасына батқан ерден
Тіршілік босанып, бір аунап тұрған

Толық

Қарап көріңіз