Өлең, жыр, ақындар

Ұялма дегені көңіл үшін

  • 16.04.2015
  • 1
  • 7
  • 44906
Ұялма дегені көңіл үшін,
Ұсақ қулық бір ғана өмір үшін.
Татымды достық та жоқ, қастық та жоқ,
Жігері жоқ, маңызы жеңіл үшін.

Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу бар,
Жаңа сүйгіш адамзат, көрсе қызар.
Ар мен ұят ойланбай, тән асырап,
Ертеңі жоқ, бүгінге болған құмар.

Туысқаның, достарың — бәрі екіұшты,
Сол себепті досыңнан дүшпан күшті.
Сүйсе жалған, сүймесе аянбаған,
Бұл не деген заманға ісім түсті?!

Өзің үлкен, қылығың — бала-шаға,
Балаша мәз боп жүрсің тамашаға.
Әкесі ұрысса балаға, ол да — достық,
Баласы ұрысса әкеге, жараса ма?



Пікірлер (7)

Асел

Маған осы өең өте қатты ұнады жəне мен бұл өлеңді Абай оқулары деген клубқа айтамын жəне де мен сол клубтың мүшесімін

Махаббат

Маған бұл өлең өте керемет екен.Мен бұл өлеңді абай күніне айтамын

Асел

Өте күшті

Альзара

07

Альзара

14.11.2024 22:47

Адам

Абай Құнанбайұлының барлық өлеңі керемет

Пікір қалдырыңыз

Ғабидоллаға

  • 1
  • 5

Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын,
Қайдан білсін өмірдің көбін азын.
Бәйтеректі күндейді жетемін деп,
Жылы күнге мас болып, көрсе жазын.

Толық

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес

  • 0
  • 9

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
„Мені" мен „менікінің" айрылғанын
„Өлді" деп ат қойыпты өңкей білмес.

Толық

Қандай қызда ләззат бар жан татпаған?

  • 0
  • 0

Қандай қызда ләззат бар жан татпаған?
Сұлуы бұл заманның тек жатпаған.
Он сегіз, он тоғызға келгеннен соң.
Алмасы өкпе болар қол батпаған.

Толық

Қарап көріңіз