Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Қақпан

  • admin
  • 24.03.2018
  • 0
  • 0
  • 1190
Жамылып иығына жамаулы тон,
Далаға Иса шықты таң атқан соң.
Оранып ақ кебінге өліпті өлке.
Шымқанып шаңқан киіз, қалыпты құм.
Әуенің тиірмені түнде жүріп,
Тастапты ақ ұлпаға жерді көміп.
Қадап тұр үскебегің таңғы ызғырық,
Аспанның, артын ашып, таңын түріп.
Атқан таң, ақша қарлы ала кеуен,
Жылмиып жұмыртқадай қыр мен өзен.
Тұйықтап туырлығын терең көлдер,
Қалтырап тал, қамыс түр ренжіген.
Антұрған, арамза туып жатып,
Күшігін қаншық жатыр шуылдатып.
Қыстауға көтеремдей жабу жауып,
Қойыпты қар кірпігін қимылдатып.
Қайтадан қапыл - құпыл үйге кіріп,
Уа, қатын! - деді, - жылдам көжені жылт,
Әуе ашық, қалғыға жатыр қанды сонар,
Мұндайда отыра ма үйде жігіт!
Па, шіркін! Қырда қызық міне бүгін,
Жортар ма еді Ақөзектің тарғыл құмын.
Түлкіні алтай қызыл бұлаңдатып,
Қуатын қайда менің ат - айғырым.
Шаңқиып сонар дүние, ертеңгі уақ,
Қыстаудан шықты малтып құзғын тымақ.
Айғыздап ақпа төсте малтады аяқ,
Жылытпа ішкен маңдайынан бу бұрқырап.
Қамысты жара - мара, түре - мүре,
Түндегі жетті малтып түбегіне.
Жеткенде қақпан құрған жемтігіне,
Ырылдап қоя берген мінебір не!?..
Жортқанды ойды - қырды, тамақ айдап,
Қалыпты қанды қақпан, қасқыр шайнап.
Қақпанды қазықтаған, арс - ұрс қауып,
Ызалы долы шіркін жатыр шайнап.
Тұқырта тұмсығынан ұрды қатты,
Қаңқ етті, серейді де, дір - дір қақты.
Көкжалға қанды қақпан ажал болып,
Жылы қан тұмсығынан жылжып ақты.
Жалмауыз, жауыз, қорқау түзде жүрген,
Тентек, сұм, теріс азу, тентіреген.
Қылғаны ұрлық - зорлық өмірінде,
Несібін елден жеген, жерден жеген.
Қораға қашаннан бұл шапқан қатты,
Жарып жеп жабағыны, жылқы тартты.
Адасқан жалғыз - жарым адамды алып,
Қуалап қой сорлыға талай шапты.
Бөрі етті, бөлтірігін жемір етті,
Жарлының жалғызын жеп еңіретті.
Боздатып боз іңгеннің ботасын жеп,
Бұзаусыз не сиырды мөңіретті.
Тиіп ап бала алдынан бес ешкіні,
Жеп кеткен кеше ғана жемтік міне.
Алғанда жау жағадан, бұл етектен,
Қабынған қыс аңғарды жаман жылы.
Қу қақпан, күйсіз қақпан, жарлы қақпан,
Майланып бүгін қасқыр алды қақпан.
Сілейіп, қанжулы боп жатты көкжал,
ЬІғыр қып елге шапқан, зар жылатқан.
Тасқындап тас жүрегі, тулап тайдай,
Жарқылдап, жабырқау жүз, күліп айдай,
Көзі ойнап, желбезегі желбелеңдеп:
«Болатын болды - ау, - деді, - көйлек пен шай.
Қақпаным Жауымды алдың, алдың азық»
Деді де әлді қолын алды жазып.
Сүйретіп құзғын тымақ үйге қатты,
Орнында қан, сауысқан, қалды қазық.

Басқа да өлеңдері

Таныңдар

  • 0
  • 0

Қара, бүгін далаға,
Қара бүгін жер қандай?
Кешегі күн тулақ па?
Жерлеріңді таныңдар.

Толық

Ақын мен Мақым

  • 0
  • 0

Мақым деген бақсы болды,
Тамыршы, құмалақшы болды.
Ақ тоқымды жаяр еді,
Бір ысқырып қояр еді.

Толық

Белсенділерге

  • 0
  • 0

Жолдастар! Мен де өзіндей белсендімін,
Айтайын маған бір сөз берсең бүгін.
Қаңбақтай желді күнгі қалбаңдаумен,
Барады - ау, бастан асып мөлшерлі күн.

Толық

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...