Эссе және өлең-жыр байқауы

Анаға тарту

Аяулы ана,
Сағындым сол мөлдіреген көзіңді,
«Боташым» деп еркелеткен сөзіңді,
Сағындым ғой, сағындым жан ана,
Күлімдеген жылы шырай жүзіңді.

Асыл ана,
Өзіңнен шалғай кетсем жабырқадың
Кейде өзіңді ұмытсам жабықпадың.
Алыстағы перзенттіне алаңдап,
Хабарласуын күте-күте тағат таптың.

Қамқор ана,
Түн ұйқынды төрт бөлдің мен дегенде,
Ақ сүт бердің жылаған кездерімде
Бір әнін бар еді ғой үнемі айтқан
Сол әнін есте қалған бөлегенде

Үйреттің ана,
Өмірді теріс жақтан түсінбеуге,
Қиын сәтте ешқашан күрсінбеуге,
«Жанындамын әрқашан, құлыным» деп,
Дем бердің, күш берген ең жеңілмеуге.

Ұстаз ана,
Түсінбесем, білмесем ұрыспадың
Әліппені жаттатудан жалықпадың
Қолын қанша бос болмай жатса дағы
Жаттауымды тексеруге уақыт таптың.

Ардақты ана,
Жылына бір келетін мерекеңмен,
Күннен-күнге гүлдене бер көркіңмен
Қабыл алғын ақын жанды қызыңның
Жеткізген бар алғысың осы жырмен

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (2)

Жанел

Керемет!

Мейрамбек жарық 7а

Мыкты екен ғой

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...