Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың бала жұбату өлеңі

  • 16.04.2015
  • 1
  • 6
  • 26477
Қайран еркін
Замандарың,
Тарлыққа жоқ
Амалдарың.
Еркін дала,
Еркің қайда?
Еркіңдегі
Көркің қайда?
Нулы, нулы
Жерің қайда?
Сулы,сулы
Көлің қайда?
Еркін көшкен
Елің қайда?
Ел қорғаны
Ерің қайда?
Тура айтатын
Биің қайда?
Би бардағы
Күйің қайда?
Адал көңіл
Ақтық қайда?
Жалған анттан
Сақтық қайда?
Бауыр тартқан
Жүрек қайда?
Намыс қызған
Сүйек қайда?
Нулы жерден
Көшті айырды,
Сулы көлден
Сұсты айырды.
Ер орнына
Еркек қалды,
Көлеңкеден
Үркек қалды.
Би орнына
Биің болды.
Би деу бірақ
Қиын болды.
Қаралды би
Жақтау болды.
Қараны жан
Ақтау болды.
Бауыр, жүрек
Талас боп тұр.
Намыс, сүйек
Қалаш боп тұр.
Малың алдау,
Талауда тұр.
Жаның арбау,
Қамауда тұр.
Аяғыңды
Тұсау қысты.
Жақтарыңды
Құрсау қысты.
Көрмесіңе
Пердең мықты.
Өтпесіңе
Кермең мықты.
Енді жатып,
Ұйықтау қалды.
Ұйықтағанды
Мақтау қалды.
«Әлди, әлди!» -
Деп тербеткен,
Ұйықтасын деп
Көп тербеткен.
Қарның ашса,
Ұлықтарың
Жілік шағып,
Май бермекші.
Тоңсаң, түлкі
Құйрықтарын
Жіпке тағып,
Бай бермекші.
«Әлди, әлди!» -
Мен де деймін.
Сірә, «әлдиге»
Сенбе деймін.



Пікірлер (6)

Аружан

Маган унады оте керемет жазылган тамаша Ахмет Байтурсынулы сызге соз жок...

Асылжан

Өте керемет

айдана

өлеңдеріңіз шынымен керемет тіппті 81 ән жазғансыз жарайсыз

айдана

сіздей осы қазақстанда жазушы болғанына қуанамын

айдана

керемет

Пікір қалдырыңыз

Жас ағаш

  • 1
  • 41

Орманға балтасымен келді Мұжық,
Аралап ағаш таңдап жүрді кезіп.
«Апырмай, аман қалсақ жарар ед», - деп,
Жанынан көрген Ағаш тұрды безіп.

Толық

Ат

  • 1
  • 4

Сен неге, тұлпар атым, кісінейсің?
Жабығып неден көңілің, түсті еңсең?
Ерігіп, ауыздығың қарш-қарш шайнап,
Бұ қалай,бұрынғыдай сілкінбейсің?

Толық

Егіннің бастары

  • 1
  • 36

Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрлі-берлі жүрді дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.

Толық

Қарап көріңіз