Өлең, жыр, ақындар

Ата-анаңды құрметте

  • 20.06.2018
  • 0
  • 3
  • 18689
Қаперіңде сақта ұлым,
Ата-анаңды ренжітпе.
Сыйлаған саған өмірді,
Ата-анаңды құрметте.
Бұл өмір саған бір келер,
Қадірін біл сол сәтте.
Өткізіп алма уақытты,
Келмейді қайта бір рет те.
Әкең ғой сенің тірегің,
Анашың болса тілеуің.
Тәй-тәй басқан кезіңнен,
Қолыңнан демеп жүрер кім?
Болса да сені әлдилеп,
Өсірді анаң мәпелеп.
Қадірін біл ананың,
Барында сыйла құрметтеп.
Балам деп соғар жүрегі,
Алладан өмір тіледі.
Ақылды болсын балам деп,
Тәрбиесін береді.
Құлақ сал балам сөзіме,
Әкеңнің тыңда ақылын.
Ата-ана деген екінші,
Алладан кейін тұрады.



Пікірлер (3)

Полатова Жасмина

Өте күшті өлеңдер бірақ кім жазғанын жазбапсыздар

Lagyl

Бұл өлеңді менің анам жазған.

Аруна

Ата-анаңды құрметте өлеңі әдемі жазылған екен, Ата-анаға арналған әдемі, мағыналы өлең

Пікір қалдырыңыз

Ана

  • 0
  • 1

Анашым сенен артық мейірімді жан бар ма?
Мәпеледің әлди айтып, ақ сүт бердің әр таңда.
Түніменен кірпік қақпай ұйықтасын деп бөбегім,
Шаршасаң да, қажысаң да байқатпадың еш жанға.

Толық

Ұнатып ем бір сұлуды

  • 0
  • 1

Ұнатып ем бір сұлуды,
Ұзын бойлы ақ құба.
Жүрегімнен орын алды,
Ойлай берем сағына.

Толық

Еркелейді бүлдіршін

  • 0
  • 0

Бала-бақша жайнап тұр,
Бұлбұл құстар сайрап жүр.
Қызылды-жасыл алмасы,
Пісіп тұр бақта алшасы.

Толық

Қарап көріңіз