Өлең, жыр, ақындар

Құрсақтағы сәбидің жан айқайы!

Сəлем анашым бөбегіңді күтіп жүрсің бе
Қайғырма мүлде жылама енді күрсінбе
Мендей сəбиге жарық өмірді сыйлайтын
Шуағын шашар жап-жарық болған күнсің бе

Тепкілеп сенің мазаңды алсам кешіргің
Тез ашсам деймін жарық дүние есігін
Айтпақшы мама əкеммен ойластыңызба
Кім болар екен болашақ менің есімім

Асығып жүрмін көрсем деп ана жүзіңді
Естісем деймін құлыным деген сөзіңді
Құшағыңда тəтті ұйқыға тербелер
Аңсаймын сəтті аңсаймын ана өзіңді

Байқаймын ана мазаңыз болмай жүргендей
Құдды бір өзі жыртқыш аңдарды көргендей
Сезініп жүрмін айтшы анашым неліктен
Маған деген сезімдеріңіз сөнгендей

Жаныңыздағы тұрған кім болды əкембе
Ол неге айтты өмірге бала əкелме
Сонда ол мені заттай көріп тұрмекен
Айтатындай ананы əпер ал ананы əперме

Осы бір кезде өтпейде қалды уақытың
Білсеңіз ана мен емес педі бақытың
Мен едімғой байлығыңда барыңда
Мен едімғой алтының тіпті жақұтың

Іште жатсамда сеземін бəрін білемін
Жаныңа аман баруғой менің тілегім
Уайымдамашы дүниеге мен келгенде
Өзіңді ана бақытты қылып жүремін

Тоқта тоқта анашым қайда жөнелдің
Дəрігерменен ұзақ сөйлесіп бөгелдің
Анашым мені өлтіре көрме өтінем
Тек олай етпе ал басқасына көнермін

Соңғы шешімбе ойланшы тағы ойланшы
Өзіңнің сəби кезіңді тағы ойға алшы
Анаңыз сізді өмірге əкелгендігін
Қалаған затты əпергендігін

Тоқта тоқта !
Дəрігер ота жасаймын дедіме
Анашым көрші мендегі мұңды сезіне
Дəрігер ағай анамды менің босатып
Өтінем кете барыңызшы жөніңе

Неліктен күнə жасап жатырсыз анашым
Мына сəбиің күтіп жатқанда анасын
Аналар деген қорғаушы болып жүруші ед(і)
Əлпештеуменен күндері өтіп баласын

Соңғы рет айтам қиянат маған жасама
Айтқан сөздерім қалды ма сонда тасада
Осыдан кейін ойлауғада ұялам
Істерің енді жүзеге сонда асама

Жақындап келет дəрігер саған анашым
Өледі енді кіршіксіз пəк бір балашың
Жоқ жоқ өтінем тағы өтінем
Өлтіре көрме өлтіре көрме анашым



Пікірлер (1)

Дария

өкінішті, аянышты

Пікір қалдырыңыз

Жұрттың сөзі-далбаса!

  • 0
  • 0

Сыртыңнан күліп жүретін,
Жыласаң іштей күлетін.
Осындай жандар көбейді,
Өмірді жалған сүретін.

Толық

Өмір маңызы

  • 0
  • 0

Болған соң пендесі бұл ғаламаттың,
Маңызды əрбір ісі адамзаттың.
Керек десең маңызды күнделікті,
Жұмсалып жатқан əрбір қаражаттың.

Толық

Қадірін жоғалтқан қарт (қазіргі қарттар жайлы)

  • 0
  • 0

Көше кезген қарттарым қазір көбейді.
Бұл қоғамда оларды кімдер елейді?
Көре тұрсада шарасыз қарттар күйлерін,
Қəнекей сізге көмектесейін демейді.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар