Өлең, жыр, ақындар

Алып Алтай ананың

  • 12.07.2018
  • 0
  • 0
  • 4033
Алып Алтай ананың
Ақ сүтіндей құт Ертіс,
Сен сұлусың тамаша,
Сені сұлу қып тұрған
Семей атты қалаша.
Қалашаны қақ жарып,
Жатыр өзен жанаса.
Алқынысып, сүйісіп,
Аралыңды аралап,
Біз ойнадық балаша.
Иық, аяқ тиісіп,
Айналаға қараса.
Ертісті күн алтындап,
Алтын өзен жалтылдап,
Барса еңкейіп аласа,
Нұрлы ақшамның шетінен
Ай күліп бізге қараса.
Жан жайылып, дене еріп,
Құмарлық от қамаса.
Сол аралдың ішінде
Ерініңді әкелші,
Бал алайын, сүйейін,
Гүлге қонған араша.
Көңіл күйіп, қан тасып,
Өртенейін, жанайын,
Жел желпісін, аяса.
Сондағы ойлап жүрісті,
Ойлар басты тым күшті...
Бұл бір саған тиісті,
Ал арнадым, жараса...
* * *
Сүйемін сені, сүйемін,
Сүйгендіктен бір сені,
Отыңа, міне, күйемін.
Сүюім — хақ, сөзім — шын,
Білмесең де, білсең де,
Әйтеуір, сүйіп өлемін.

1930 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауылдан хат

  • 1
  • 0

Құсайын құрдас құстай жүрсің қайда?!
Айналды сен кеткелі сегіз айға.
Ақсудан аттандырған азаматтың
Сәлем айт барлығына, бар Матайға.

Толық

Екпінділер мен прогульщик

  • 0
  • 0

Ей, екпіндім, мұнша неғып
Бүлінесің, терлейсің?
Самайыңнан терің ағып,
Жан рахатын білмейсің..

Толық

Ертістен хат

  • 0
  • 0

Журналыңның бетіне,
Жұртым, жаздым сәлем хат.
Жүзгенім Ертіс өзені,
Мінгенім «Алтай» - пароход.

Толық

Қарап көріңіз