Өлең, жыр, ақындар

Біз еркесі өмірдің

  • 20.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1267
Сәлем сізге, сәлем сізге,
Ұлы съезд астанам.
Мен балаңмын еркін өскен
Шаттық әнін шырқаған.
Мен армансыз бұл жалғанда,
Күлімдеген күнде өстім,
Балаусалы балғындайын,
Желкілдеген түрде өстім.
Мен туғанда Октябрьде,
Жарқыраған таң екен.
Мен туғанда Отанымның,
Төрт түлігі сай екен.
Бесіктен - ақ қызықты өмір,
Мені әлдилеп күлдірген.
Бесіктен – ақ анам менің!
Ленинді білдірген.
Тәй-тәй басып, қаз-қаз тұрып,
Ленин деп жүргем мен.
Оның жарық күн екенін;
Сонда-ақ алғаш білгем мен.
Үйдегі оның портретін,
Жан атам деп сүйгем мен.
Күлімдеген жүзін көріп;
Қуанғам мен, күлгем мен
Жүрегімде еш қайғым жоқ,
Қамқорым бар ата-анам.
Бізге мәңгі бақыт берген.
Бізге ұлы заң жазған.
Бір мен емес, барлық бала
Күліп еркін өседі.
«Мен жанымын гүл заманның
Мен бақытты» деседі.
Біз оқуға праволы,
Жақсы киім, тұрмыс шат.
Біз советтің азаматы;
Біздің өмір рахат.
Мен өсемін, гүлденемін,
Күндей көкте күлемін,
Қайғы, мұңсыз шат заманды
Жан анамдай сүйемін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біздің майдан

  • 0
  • 0

Социалистік өмірді,
Жырлағанда жыр қылып,
Сырлағанда сыр қылып,
Бүлкілдесін көмекей.

Толық

Таңқы мұрын қара қыз

  • 0
  • 0

Таңқы мұрын - қара қыз!
Кердең - кердең басасың,
Кес-кестейсің көшені,
Қандай қырдан асасың?!

Толық

Бақыт

  • 0
  • 0

Өткір ойлы қара көз,
Өжет, ұтқыр, бал мінез.
Бақытым менің інішегім,
Жүгіре басып келді тез.

Толық

Қарап көріңіз