Өлең, жыр, ақындар

Тіршілік, сені сүйемін

  • 20.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2703
Тіршілік, сені сүйемін,
Қойның ыстық, тілің бал,
Жүрегім менің елжірер
Жүзіңде қымбат жылым бар.
Құлыншақтай кісінескен
Сенде жастық шағым бар.
Бұлдырап мені қу деген,
Толқыны меруерт ағын бар.
Тіршілік, сені сүйемін —
Алтынды зерлі таңым бар.
Күлкісі күміс, құшағы от,
Қарақат көзді жарым бар
Аузын ашса бал тамған
Ақ маңдайлы жаным бар.
Бұрқана соққан жүрек бар,
Гүлдей бір атқан шағым бар.
Тіршілік, сені сүйемін —
Алдымда талай жылым бар,
Баладай сүйген есіркеп,
Көгімде күміс күнім бар,
Ішімде жатқан өнер бар.
Аспанға асу - қырым бар.
Қаптаған қалың елімде.
Қарындас, аға, інім бар.
Тіршілік, сенің ғашығың
Дүниеде барлық кәрі, жас,
Сен олармен біргесің,
Сен оларға бауырлас.
Сұлу мүше сымбатты.
Тіршіліксіз тән болмас,
Дүниедегі ең қымбатты
Тіршілік бітсе жан болмас,
Сондықтан сені адамзат
Жарындай мәңгі қиялмас,
Кетем деп сенен ертерек
Төсегін өзі жия алмас,
Қайта сені бөбектей,
Сүйе берер күні - түн,
Жүрегің ыстық,
Тілің бал,
Тіршілік, сен бір сұлусың.
Сүйемін сені, сүйемін,
От жүрек бер, жалын бер!
Мейірім бер, ерлік бер!
Кісілік бер, бәрін бер!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ленин дана

  • 0
  • 0

Жатыр атам Мавзолейде,
Жатыр жанның данышпаны.
Жатыр күндей күлген адам,
Мәңгі сөнбес бақыт таңы.

Толық

Ант

  • 0
  • 0

Өмірдің сұлу жібегін,
Оранып киіп жатқан жан.
Алақанда аялап,
Әлдилеген алтын таң.

Толық

Бақташы мен бұлбұл

  • 0
  • 0

Талда бұлбұл, жерде гүл,
Төгілді әсем ақты жыр.
Толқыды үні терең сыр...
Бөленді сазға ой мен қыр.

Толық

Қарап көріңіз