Өлең-жыр байқауы

Біздің дастан

  • admin
  • 28.07.2018
  • 0
  • 0
  • 961
ПРАГМЕНТТЕРІ

Сонау кез...
Мұрша болмай ойлануға,
Шыққалы жатыр едім қой бағуға,
Ленин кеп алыстағы аулымызға
Ап кетті көппен бірге мені оқуға.
Сұр бейіт,
Әкем жатқан бір төмпешік,
Алыстап қала берді, оттай өшіп.
— Әке! —деп қарай бердім Ленинге мен,
— Аға!—деп Партияға.
Дереу шешіп,
Лақтырдым жалбыр тонын жетімдіктің,
Өмірге шоқтай жайнап көзім тіктім.
— Өс! — деді
— Оқы! — деді Ленин сонда,—
Кеудеме құйды нұрын еркіндіктің.
Оқыдым...
Өстім жайнап...
Тездеттім мен.
Ленин деп, Партия деп ержеттім мен.
Біреуі болмасам да көп мықтының,
Өткірлеп өлең соқтым өжет тілмен.
О,өлең!
Өлең деген не нәрсе бұл?
— Өлең — су,— дейді біреу, ағыл-тегіл.
Ой толы отыз жасар жігіт — жырым
Өлең — су жағасынан термейді гүл.
Өлеңім езіме тарт. Тірі адам бол!
Алдыңа алмай-ақ қой мауыты стол.
Ақын бол, азамат бол, жауынгер бол,
Халқыңды құшақтап сүй,—
Міндетің сол.
Кей өлең келеді тым қылтың-сылтың,—
Жалтылдап, ұсынады жұртқа сыртын.
Топ жара енген менің жігіт жырым
Оларды тыжырынтар бәлкім, мүмкін.
Қалтылдақ қалпақ киген ғасырлардың
Қыз мінез қылтыңына бас ұрмадым!
Аламын ауыр ойдан ауыр сөзді,
Мақта емес, ми болған соң басымдағым.
О, өлең! Досым бар ма сенен жақын!
Қарашы,
Өмір — өлең, өмір — ақын.
Заманның соғып тұрған жүрегіміз —
Жөнім бар ақынмын деп мақтанатын.
Кім берді бұл бақытты?
Бұл өнерді?
Тым биік арман еді...
Кім әперді?
Махаббат мұхитында ойнат ақын
Бақыттың кемесіндей туған жерді.
Сыйынбан ақындықтың «құдіретіне!»
Өзіммін жалғыз ие міндетіме,
Келеді шабыт өзі-ақ —
Бір қарасам —
Лениннің бөлмемдегі суретіне.
РСДРП-нің бес әрпінде
Ілініп тұрды тағдыр сол бір күнде.
Дүниеде «большевиктер» деген бір сөз
Тезірек жатты айтылып барлық тілде.
РСДРП — бұл бас әріптер
Осы, енді сол күндегі большевиктер.
Басқа әріп ерсе бұған
Замананы,
Кез еді әліппедей екі бүктер.
Дүние жарық күткен сол бір кезде
Адамдар көп тоқтайтын әрбір сөзге;
«Большевик» деген бір сөз электрдей
Жарқырап әрбір үйге жетті лезде.
Қалтылдақ дүниенің май шамдары
Жұрт көзін алдай алмай одан ары,
Әлсіреп бара жатты құты қашып,
Пілтесін көтерсе де тым жоғары...
Үстінен жазып арыз замананың
Біле алмай кімге оны апарарын,
Титықтап жүрді шаруа қала кезіп,
Әркімге бір талдырып көз жанарын.
— Апар тез арызыңды Ленинге сен,
Мен ертіп апарамын жөн білмесең,—
— Деп оны кетті ертіп бір жүмысшы,
— Мінеки,— деді,— сенің кірер кеңсең.
Кірді олар.
Ұлы Ленин шықты қарсы.
Шаруаның аунап түсті ауыр жасы,
Үшеуі оймен ұйып тұрды қатар.
Замана сықылданды қабыр басы.
Тоғысқан тоқсан жолдық торабында
Тарихқа бой көрсетіп бүл үш тұлға,
Кес-кестеп кер заманның тосып жолын,
Алды кеп жауыздықты жан алқымға.
Жауыздық қу болады бір зымиян,
Өмірге күле қарар миығынан,
Әділет қарлығашын жұтар арбап
Жауыздық күлгірсіген бұл бір жылан.
Әділет ақкөңіл бір адал ұлан,
Тарихтың дәм ұрламас табағынан.
Өмірдің өз баласы сықылды бұл
Таниды замананы қабағынан.
Жауыздық өмірдің бір өгейіндей,
Бар сырын түйер ішке, шын бір күлмей,
Ақкөңіл әділеттің ұландары
Мерт болған жауыздықтың сырын білмей
Әділет аяқ басып апыл-тапыл,
Шыға алмай жүрген кезде жауға батыл,
Тезірек ер жеткізді әділетті
Лениннің бір езіне біткен ақыл.
Ленин өмір жүгін алды иыққа,
Жол салып кеудесімен бүкіл жұртқа,
Мезгілдің түйілді нық жұмырығы,
Әділет бетпе-бет кеп жауыздыққа.
«Халықтар түрмесінің» ортасында
Өскен бір кәрі терек бойлап шыңға —
Россия патшалығы тұрды сол кез
Беркіген тамыр жайып коп ғасырға.
Жұмысшы сол ағашқа салды балта,
Шаруа кеп салды ара дорылдата,
Құзғындай қонақтаған соңғы патша,
Сезген соң құритынын біржолата,—
Аянбай істеп бақты бар сұмдықты.
Халықтың қанын алып, сөлін сықты,
Соғыстың соғымына сояр малдай,
Тоғытты қызыл селге қайран жұртты.
Жауыздық тыпырлады, жұлқынды кеп,
Әділет тесін аша ұмтылды кеп,
Ленин сондағы ор дауысынан
Дауылы азаттықтың соқты үдеп.
Жетті жыл мың тоғыз жүз он жетінші.
Құса боп қысылған ой, бір желпінші!
Сөк бұлтын жалба-жұлба жауыздықтың,
Келер күн кек жиектен көтерілші.
Бұрқырап көтерілді кек дауылы,
Сырқырап сойқанды өмір сырғауылы,
Бұрқылдап кетті тасып өмір-теңіз,
Сығымдап азап-михнат ең ауыры.
Қасқара басты алда лениншілдер.
Көтерді рахаттана жонымен жер.
Тауынан бостандықтың аққан селдей
Бұрқылдап жатты өтіп отты күндер.
Алып құз ағып келген сол бір селмен
Февраль кеп соғып өтті бар екпінмен,—
Патшалық тұрған бойлап түсті сұлап,
Теректей түбірінен күйретілген.
Февраль — құз қалды шөгіп сел жолында,
Қас дағдыр қасарысты ел жолында.
Сол құзға шықты өрмелеп буржуазия
Уақыттың сүмең қағып ең соңында.
Көтеріп шала-жансар патшалықты,
Аза боп буржуазия жасын сықты,
Құбылып екі жүзбен жұрт алдында,
Арам ой жатты тоқып не сұмдықты.
Февральді соқты Ленин апрелімен,
Бір бөгет түсті аунап жұрт селінен.
Толқында тыпырлады буржуазия,
Жармасып ескілікке күйретілген.
Дауылды, бұрқылдаған сол бір күнде
Тұлғасы тудай жайнап жер бетінде,
Үстінде броневиктің тұрды Ленин,
Бар дауыл бір өзінің келбетінде.
Бұл күнде кеп қараймыз сол суретке,
Көрсетіп, ұсынамыз келешекке,
Құлшынған ойымызбен қосыламыз
Қоршаған броневикті сол бір көпке...
* * *
Тетігін ұстап бүкіл дүниенің
Табжылмай табан тіреп тұрды Ленин...
Ұрысы бостандықтың буржуазия
Бір түнек арам оймен түрді жеңін.
Қырсыққа қамалған жау, болмай жолы
Келеді қаныпезер, дүлей, долы,
Лениннің қасиетті өміріне
Қалтылдап келе жатты қанды қолы.
Меньшевик малғұндары іші түнек,
Жалтылдап жүретін тек сырттан түлеп,
Ленинге —
сәлем беріп оң қолымен,
Сол қолмен шоқынатын өлім тілеп.
— Сот құрмақ буржуазия «үкіметі».
Бұл сізге көрсеткен бір жай... құрметі,
Барыңыз... қорқасыз ба сіз олардан!..
Соғыңыз сотын сотқа, келді реті...
Деп олар күлгірсіді, «а, құдайлап»,
Ленин бір барса екен деп, намыс айдап,
Сот емес баскесер түр қойған сайлап,
Тотыққан қан балтасын алған қайрап.
Қабағын шытты Ленин сәл азырақ,
Дауыл боп көтерілді ой бұрқырап,
Ақылдың аспанында сайысты кеп,
«Барсам ба?.. Бармасам ба?» екі сұрақ.
Лениннің ауыр басы жер шарындай
Бұрылып иығына айналды жай.
Қарады бар досына, жарқ-жұрқ етті
Қазіргі біздің елдей алып маңдай.
«Барсам ба? Бармасам ба?» Екі тағдыр
Ойында бетпе-бет кеп арбасып тұр.
Тауып көр осындайда дұрыс жауап!
Өлім мен өмір келіп жалғасып тұр.
Дариға, о дариға, сондай кезде
Самғайды шар тарапқа қиял-кезбе,
Адаспас, алып түсер ақыл керек,
Түйінін тоқсан ойдың тапшы ілезде?
«Бармайсыз!» деді Партия. Айтты нықтап.
Сол айтқан жалғыз сөзін көр салмақтап!
Бүгінгі сіз бен біздің бағымызға
Өмірін Лениннің қалды сақтап.
Қыран кез қырағылық деген осы,—
Адамның одан артық бар ма досы.
Емес пе жаңа ,дүние тұңғыш жұрты
Лениннің Разливтегі тіккен қосы?
Достық не?
Адалдық не?
Екеуін де
Таласқа салған адам барлық тілде.
«Достық» деп «қастық» алған жан аз емес.
Адалдық арамдықпен өскен бірге.
Оларды ақыл керек ажыратар.
Көп ойлап талай жанның басы қатар.
Сіздер мен біздер үшін, бүгінгі ұрпақ,
Бір ғана адалдық бар, бір достық бар;
Ғаламат сертті күнде түскен сынға,
Жарқ етіп шұғла шашқан бар ғасырға,—
Шын достық, шын адалдық дегеніңіз
Ленин мен жұмысшының арасында.
Мезгілдің сәл босаған пружинасын
Ленин өз қолымен бұрады кеп.
«Ертең кеш. Бүгін ерте», деген сөзге
Жиылып жұрттың ойы келді ілезде,
Түйілген жұмырықтай тұрды мезгіл,
Немене, жауға қарап сілтемеске,
Түн тұрды төңірекке қарап жалт-жұлт,
Петроград батырлары басты сарт-сұрт.
Түсті сұлық былқ-былқ еткен буржуазия,
Архивке лақтырылды біткен паспорт.
Дүние қасапшысы — капитал қарт,
Жұмысың біткен жоқ па, енді қысқарт,
Дегендей еді сонда әр жұмысшы,
Жауыздық шаңырағы сынды кеп шарт.
Петроград, Москва, Киев, Кавказ, Қырым,
Шумақтап алды қолға оз тағдырын,
Азаттық дауылының алып үні,
Сілкінтті тәжік тауын, қазақ қырын.
«Түрмесі халықтардың» күйре, ертең!
Сыпырып күл-қоқырын, біздер ертең,
Орнында орнатамыз бақыт-сарай,
Болады әрі биік, әрі ол кең.
Өртенген есті түрме іргесінен
Тышқандай қашты жаулар.
Тиді сүрең.
Күйбеңдеп князь жатты күйретілген,
Сүмеңдеп поп та жатты сүйретілген.
Оларды таныды жұрт бөксесінен,—
Бір шаруа тепті түңғыш өкшесімен,
Кешегі батырсынған баскесерлер
Быт-шыт боп, етті бүгін сүмең-сүмең.
Өлгісі келмеген ғой оңай, арзан —
Жатыпты ең алдымен патша ағзам...
Ұмытып кетсе керек «дозақ» жайын,—
Сілейте салды оны...
Бір партизан!
Сарайда жатты тажы төңкеріліп.
Етігін сүртті солдат — тәнін тіліп.
Жыртылып қалған жалғыз суретіне
Жұмысшы,
Өте берді, бір түкіріп.
Шулған «ақпатша» лап бай мен молда —
Ілезде бола қалды... жуас жорға.
Бай атын ұстап мініп...
еркін күліп,
Құлшына тікті кезін
Кедей — жолға.
Бай оған ұрса алмайды.
Міңгірлейді:
«Қарағым, атқа дұрыс міндің» дейді
«Тілесең — атым түгіл — басқамды мін...»
Дейді де ол, жерді шұқып кірбіңдейді.
Советтік республика қызыл тулы!
Тарихта естілмеген бір ел туды.
Бар еді, жоқ болды ілез, жер жұтқандай,
Патшалар Россиясы атышулы.
«Мен едім жер бетіне жалғыз ие»
Дегендей болды аң-таң ескі дүние,
Ортасын оя қонған жаңа. елді
Жұтып кеп қоятындай шықты үрпие.
Анталап Антантасы қысты сырттан,
Қым-қиғаш заман төнді бір қырсыққан,
Ырсылдап көтерді бар Аштық, Апат
Біз жеңіп алған жаңа ескі жұрттан.
Дұшпаны жатса дағы қырқ пышақтап,
Қаңқ етпес қайсар алып жұмысшы тап,
Тарихта тұңғыш рет жасады әскер
Солдат боп,
командир боп,
құрып штаб.
Ойы мен ақылындай миллион-мыңның,
Түйінін ұстап қолға бар қимылдың,
Москвада тұрды Ленин,
аңдып сырын
Тулаған күн мен түннің, ай мен жылдың.
Ең жақын серіктерін,—
Ен. қымбатын, Ақылын, бар өмірін, махаббатын,
Не қиын, не қиырға салды апарып,
Көтер деп, бүкіл дүние ғаламатын.
Аштықтың араны кең, жұтар мыңдап.
Әр үйге енді аштық жан алқымға ап.
Жаутаңдап нан сұраған жас баладай
Мезгіл тұр.
Кімдер шыдап тұрар тыңдап,
Нан емес,
темір басып азу тіске,
Жұмысшы шықты аштықпен ерегіске,
Далада тұрды шаруа, аңсары ауып
Қиялдай бұлдыраған бір егіске.
Царицын
жатыр Кубань аржағында.
Барады о да айналып бір сағымға,
Дұшпан да біледі ғой ұстар жерін,
Ұмтылды аран аша Царицынға...
...Аш жүріп асқа бастық тоқ дұшпанды,
Жағына жанып жылттық алақанды,
Орнына жұмсап күшті жұмырықты,
Тандырып естен-түстен, сұм жалғанды.
Туған ел тербенгенде аяр несін,
Бар жиған алға тосты берекесін,
Ақтарып кебежесін кемпір жатты,
Төсінен үзіп берді қыз теңгесін.
Ұл таба білген екен қайран халық!
Чапаев тиді жауға ойран салып,
Баурына ақ боз аттың алып жауын,
Тарихта сол бетімен қойды қалып.
Қылышы Буденныйдың сол күндегі —
Нажағай еді дұшпан көгіндегі,
Дауыл боп тигенде бұл, зұлыматтың
Қай бұлты қылышынан сөгілмейді?
Фурманов, Фрунзе, Щорс, Аманкелді...
Майданда біздер үшін солар өлді.
Көтеріп иығымен сол батырлар
Біздерге берді әкеліп туған елді.
Болған соң Өзекте от, көңіл — көмір.
Атамыз «аһ» ұратын «жұмақ» іздеп,
Жинаушы ек жүгімізді кетеміз,— деп.
Көкте емес, жерде екен ғой «жұмақ» деген,
Кім айтар енді өмірден күдер үз деп,
Бастық біз туған жерде Антейге ұсап.
Келер күн қызығына аштық құшақ,
Ұмтылдық қуанышпен алға қарай,
Құшайық кел, күлімдеп кел, болашақ!
Ұмтылдық.
Сүйсіне кеп бастық жерді
Қолтықтан қанат біткем секілденді,
Қалауға жаңа дүние ірге тасын
Құлшына келіп сонда түрдік жеңді.
Туған жер тұрды күліп көңілденіп.
Мәз-мейрам айдын жатты төсін керіп.
Лақтырды бұлт көрпесін асқар таулар,
Біздерге қарағандай түрегеліп.
Еркелеп ақты өзен кернейлетіп,
Жел жортты ормандарда күйін шертіп,
Даламыз кетті кеңіп.
Неткен ғажап!
Тастар да күліп жатты жарқ-жұрқ етіп.
Қандайсың, туған жердің табиғаты!
Білмеппіз қадырыңды.
Өмір даты
Баттасып жатқан екен жанымызда.
Қайысып тар құрсауда ой қанаты.
О, бақыт!
Бақыт деген ол, не нәрсе?
Бақыт па, біреу жұлып қолға әперсе?
Бақыт ол әр адамның өзінде екен,
Бойынан шығады екен шын тербенсе.
Бақыттың өзі еңбек, аты — еркіндік.
Қадырын, не екенін жаңа білдік.
Бақыттың орнатайық алтын тауын,
Бер еңбек! Бер еркіндік! — деп сілкіндік!
Біздерге Ленин әкеп берді соны!
Бақытты ұстады нық адам қолы,
Ақылдың ашылды енді бұлтты аспаны,
Бір жібіп жанымыздың қатқан тоңы.
Көп екен ескі жұрттың көң-қоқыры:
Ағынға жаттық тастап,— кетші, құры!
Қызыға бастық іске.
Сүріндік те,
Кездесіп тың өмірдің ой-шұқыры.
Капитал қоршауында біз бір арал.
Сондықтан соқтық біздер бір тас қамал.
Қайғырсақ, қажысақ та ез ісіміз,
Біз дағы ересектік, таптық амал...
Босатып тағандаулы Прометейді,
Жұмысшы ертті өзіне.бар кедейді,
Бастады ісімізді партиямыз,
Еңбекке жер кедейді, ел көбейді.
Күш, жеңіс, өмір, уақыт формуласы
Табылмай, талай ғалым талған басы:
Таптық біз. Ол төрт.әріп ВКП(б)! —
Лениннің өз перзенті — партиясы.
Партия!
Компартия — Ленин құрған!
Елді де, ерді — осы шынықтырған.
Төрт әріп ВКП(б) көз алдында
Өмірдің өшпес оты жанып тұрған.
Партия берді бастап ісімізді.
Қысты да, көктемді де, жазды, күзді
Өткізіп жаттық біздер сықап тией,
Қопарып жер қоймасын, жығып құзды.
Жеріміз қалған екен шөлдеп суға,
Су бердік,—
Құба дала толды нуға.
Еліміз қалған екен шөлдеп мүлде —
Ұмтылдық қаптай өріп біз оқуға.
Жоқ еді мектебіміз,
бар еттік біз.
Бір ғажап,
тым тезірек ержеттік біз.
Жүздік те дүние ғылым мұхитына,
Шұғылалы жағасына тез жеттік біз.
Атамыз бас қатырған «жұмбақ жиһан»,
Айналды алдымызда,— болдық, аң-таң!
Жап-жарық болып кетті қараңғымыз,
Атқандай ойымызда ғажайып таң.
Бақыт не? — Қырық сұрастық қысқа күнде,
Тең ортақ қуанышты басып бірге.
Тоқсан ой торабына шыққан кезде
Қарадық Ленинге— ашық Күнге.
Достық не?
Махаббат не?
Адам ұлы —
Қатырған басын талай — ойлап мұны.
Оп-оңай берді шешіп соның бәрін
Лениндік партияның ұлылығы.
Адам.кім?
Адамдық не? Деген сұрақ
Ақыл ой пружинасын тұрды бұрап.
Сағаты санамыздың кетті жүріп,—
Ұқтық та іске бастық жылдамырақ,
Талпынған дүниенің бөбегіндей
Жүріппіз көп нәрсенің сырын білмей,
Ленин деп, Партия деп бастық аяқ,
Біз дағы боламыз деп екеуіндей.
Лық толы күніміз де, түніміз де,—
Жылымыз риза болып өтті бізге,
Еңбектің ескерткіші нұрлы сарай
Жарқылдап орнап жатты құба түзде.
Ойда орыс, қырда казак, тауда тәжік
Алысқа көз жіберді, бойын жазып,
Ту ұстап тұңғыш рет шықты достық,
Қан құйлы карт араздық алжып-азып,
Сергей кеп Секкебайға ашты құшақ,
Адамзат арман еткен келді бір шақ,
Отында махаббаттың ақты балқып
Кешегі қанды жебе қара пышақ.
Бәріміз Ленинге ұсап, Партияға ұсап,
Жас жігіт — жаңа өмірге аштық құшақ,
Құлпырып көз алдымыз толды нұрға,
Жарқырап тұра қалды бар болашақ...
Тым-тырыс.
Тұрды өмір ұйып қана.
Шыр етті бесіктегі бір жас бала.
Әркім тұр өз сорынан көріп мұны.
Кеуде бұлт
Дүние күңгірт
Ой қап-қара!
Неткен біз бақытсызбыз?..
Бақытсызбыз!
Не күйге ұшырадық уақытсыз біз,
Іс қайда?
Бақыт қайда, дәл жаңағы,
Япырай не боп
кетті, неғып тұрмыз?!
Бір шеттен боздады күй ыңырана...
Булығып күйінеді күй бишара.
Дүние, дүние емес, болды зират.
Ауызын ашты қабыр құшырлана...
О, жоқ, бұл мүмкін емес,
тула, жүрек! Ленин ол! Ленин!! Ленин!!!
Ол тастүлек!
Қаусыра жер мен көкті ұшты тағы,
Тыңдаңдар, түр ғой, әне, күн күркіреп.
Ол соның екпіні ғой,
Тыңдаңдаршы!
Биікке тік көзіңді жарлы-жалшы.
Қоншы кеп кеудемізге Бүркітіміз?!
Күй шіркін қоя тұршы... ыңыранбашы!
Деген ой кеудемізде болып дауыл,
Шайқалып кетті толқып қала-ауыл.
Діңгегі дүниенің шарт сынғандай
Жаныштап бара жатты қаза ауыр,
Шыныққан сан айқаста болат қайрат
Егілді қайғы отында балқып-қайнап.
Ел болып еңіредік,
Кеудемізге
Бұлт жиып,
қолымызға қара байлап.
Қаралы тулар тұрды ой жеңгендей,
Қарайды жалау шеті өртенгендей,
Лениннің қарай бердік келбетіне
Бөбектей болдық аң-таң, жүрдік сенбей.
Темірді тесетіндей тамған жасы,
Сылқ етіп түсіп қолдан өр балғасы,—
Тоқтаған машинадай тұрды тұнып
Жұмысшы,—
Төске құлап ауыр басы.
Күректің сабы енгендей жүрегіне
Сүйеніп шаруа тұрды күрегіне,
Сақалын ағартардай аққан жасы,
Қонды кеп қасірет бұлты іреңіне.
Шат күліп кең далада шапқан кедей,
Кенет кілт қалды тоқтап,
тырс үндемей,
Құшақтап. аттың жалым тұрды еңіреп,
Далада қалған қатып бір белгідей.
Ананың ауыр жасы түсті аунап;
Қасірет қоламтасы қайта лаулап,
Партизан баласына қарай берді,
Бақытын әкеткендей біреу жаулап,
Қыз тұрды бұрымына қызыл таққан,
Түсті сылқ айрылғандай махаббаттан,
Жас жігіт қалды тынып қариядай,
Жап-жаңа домбырада күйін тартқан!
Сағада сыңсыды да үзілді күй.
Бір ауыр тыныштыққа толды әр үй.
Алдында әр адамның бір бос ыдыс
Сықылды мезгіл тұрды,—
Жасыңды қүй.
Жауымыз кетті шошып қайғымыздан,
Сонда да жауыз жанда бар ма ұждан,
Селт етіп бас көтерді ой жыланы!
Мұхитқа құлатардай бізді құздан.
Капитал дүниесі бір дүрлікті.
Бүйірге бірін-бірі шымшый түртті.
Бірақ та жазылмаған ауыр жара
Денесін қозғалтпайды. Киын тіпті
Зар жылап бүкіл дүние еңбекшісі,
Қазаға жанын тосты үлкен-кіші,
Нілінде қасіреттің тұрды негр,
Ерінге қатты батып күрек тісі.
Сары өзен — сары уайым аққан сыңсып
Бойында Қытай құлы тұрды ыңырсып,.
«Аһ! Лe-нин»... Кеудесінен шықты жалын.
Үміті шала-жансар түсті ыршып.
Алды да алақанға жасын құйып
«Рот Фронт» жұмырығын шықты түйіп,
Қыздары жатты өріп веноктарын,
Әрқайсы өз елінің гүлін жиып...
«О, Ленин! Ленин... Ле-нин... Ленин едің!
Ойпырмай, сен үшін мен иеге өлмедім?!»
Деп әркім аңырады.
Амал қанша!
Жыла, жер!
Мұны көрдің,— не көрмедің?..
...Партия алып шықты тұңғиықтан,
Серпілдік ,зіл қасірет түсті иықтан,
«Ол тірі! Жаса, Ленин» деп сілкіндік,
Кез еді кеудемізден жалын шыққан.
Нұрлы сөз Ленин» деген құйылғанда
Кеудеміз кетті жайнап.
Жер-жаһанға
Ленинше тіктік көзді.
Ойымызда
Құлпырды Ленин аты ұқсап таңға.
Ел болып сапқа тұрып иін тіресіп,
Көл-көсір күй мұхитын кеттік кешіп,
Табыты төбемізде жүзді жайлап,
Ғажайып махаббаттың лебі есіп.
Сол күні еңбекші әлем шықты сыртқа.
Дүние тосты иығын сол табытқа.
Шалқалап жатты Ленин ел үстінде,
Көрініп бар тарихқа, бар халыққа.
Партия жүрді біздің алдымызда,
Ол — Ленин боп көрінді ұл мен қызға,
Қабырға қиярмыз ба Ленинді біз,
Мавзолей тұрды біздің бағымызға.
Мавзолей құрмет төрі қасиетті,
Алдында бүкіл дүние тағзым етті,
Салдырды Партиясы
жатыр Ленин
Сол жерден тосып бүкіл келешекті.
Өлген жоқ, жатыр Ленин ұйықтап қана,—
Жаһанның жүрегіндей ұлы дана.
Жердегі барлық жолдың түйіні сол,
Құяды жұрт ағысы соған ғана.
Келешек ғасырлардың тың жолдары,
Күмән жоқ, сол торапқа соғар бәрі,
Күн маңдай көсемінің төңірегінде
Айналар адамзатты ап жердің шары.
Жыл өтер, жүгін сүйреп, жүздеп, мыңдап,
Келешек келе жатыр қолын бұлғап,
Өткізіп өз жанынан бар өмірді,
Дүние сырын Ленин жатыр тыңдап.
— Соқ, соғыс сұрапылы, соқ қаттырақ!
Деп Гитлер қарқылдады.
Оқ бұрқырап,
Кенет бір көтерілді кесепат күш,
Шошыды жер тітіреп, тау тұнжырап.
Дүние қарақшысы туған азып,
Тілеген қалса деп бос жер құлазып,
Тәртіптің туын тіккен елімізге
Тиді кеп, таппақ болып оңай азық.
Ырситып темір тісін, жалын құсып,
Жалмауыз жалмай-жалмай, кеткен ісіп,
Құтырып келіп қалды.
Ел үстіне
қаптады қара табыт — құзғын ұшып.
Ел болып көтерілдік.
Дүрлікті өмір,
Дүрілдеп, сайысты кеп от пен темір,
Қырсыққа қыңырлана шықтық біздер,
Игі ісі, қызық-думан қалды не бір.
Бұл ма екен тұңғыш көрген қоқайымыз?
Қарыстық, қас тағдырға қайқайып біз,
«Келсең — кел!» деген сөзді айттық мықтап,
Кетіп ед қай дұшпанда ұпайымыз!
Кім бізге орнатпақшы «қоқан-лоққы?!»
Біз мұндай көрмеп пе едік есерсоқты?
Жаланған жалын тілін бұрап тұрды,
Біз дағы сойқандыға салдық соққы...
Керексің осындайда сабыр салмақ!
Мезгілді зілдей ауыр алақанға ап,
Көрсетіп астын-үстін Партия елге
Мұның не екендігін айтты талдап.
Айтты да лақтырды оны жауға қарай,
Бұрқ етті мезгіл - бомба жарылғандай,—
Тас түлек сұрыпталды көрген талай,
Алғыр ой аспанына ұшты самғай.
Қасқара бастық біздер.
Қуанды ел.
Темірмен қаттырақ қып буындық бел,—
Қап-қара алып дене сойқандының
Қақтық кеп болат тісін,—
Нар тәуекел!
Қанатын жайды Қызыл Армиямыз.
Ел үшін, өмір үшін жан қиямыз!
Өмірді өртенбейтін берікке сап,
Майданға шықты бастап партиямыз.
Гитлер сұм секең қағып кабинетте,
Мәз болып жүрді қарап бір суретке:
Суреті еді езінін.... Нақ ортада,
Цезарь мен Наполеон екі шетте.
Белінде Гинденьбургтен қалған қылыш,-
Берлинде торды тынып тымырсық күш,
«Дарынын қойған ішіп адамсымақ»
Бір долы болып шыққан ел бүлдіргіш.
Қарайды ол СССР-дың картасына.
Қағады өзін-өзі арқасына.
Еске алып Тиссен, Фордты, мақтанады,
Дүниені сыйғызардай қалтасына.
«Москваға қалай келмек?»
Ойлап соны
Тәлпиген маңдайында тұр сұқ қолы...
Араққа адам қанын қоса жұтып,
Қөңілін көтеріп түр жауыз-долы.
Өшіріп картадағы шекараны,
Алып тұр, орай сызып Европаны,
Тастапты Азияны япондарға,—
«Бұзылып кетпесін деп неміс қаны»
Байтақ ел бір кісідей жиылғанша,
Мың өзен бір арнаға құйылғанша,
Долы күш дүрліктіре тұрды соғып,
Қандатып елді қанша, жерді қанша.
Қомағай құзғындардай қаптап жалын,—
Сары-ала желкілдетіп қанаттарын,—
Жеп жатты жұлқып-түтіп қаламызды.—
Ашығып тапқандай-ақ тамақтарын.
Сүйкімді, момын, бейбіт қыстақтарды
Жазғырып жауыз жендет қыспаққа алды,
Өртеді.
Жұртта қалған шал-кемпірді
Жаланған ерт ішіне ұстап салды.
Тірідей көмді көрге қайсар жанды,
Тітіреп жер денесі, көр шайқалды.
Атты олар қызық көріп, нысана ғып,—
Сүйкімді уілдеген балақанды.
Освенцим, Майдан екей дозақ пешін
Салды олар.
Адамзаттан алмақ өшін!?
Дүрілдеп жанып адам жатса пеште,
Күлді олар, қатырғанша шек-сілесін.
Әйелдің шашын күзеп етті жастық.
Адамның сүйегінен тартты астық.
Дәлелдеп соның бәрін «ғылымымен».
Жазылды заңдарына бүл бейбастық.
Сыпырды тірі адамның терісін де,
Кимек қой көйлек етіп жер үстінде!
Бірі алып, бірі сатып соның бәрін
Келісіп жатты олар келісімге...
Адамзат! Осы ма еді көрмегенің,
Не деген көнгіш еді жер дегенің!
Азғындай алжыйды екен қарт капитал,
Өргізіп өңшең долы ергежелін.
Соғыс — сел — бір долы күш не тыңдайды,
Жібітпес мұз кеудесін қасірет-қайғы;
Астында қалмаймыз деп отты селдің,
Бетке ұстап шығар күнді, туар айды,—
Ел көшіп, күңірене жөнелгенде,
Жер қалды жаутаң-жаутаң қарап елге,
Қара бұлт қаптаған мал жерге симай,
Мал екеш мал да тусті сергелдеңге.
Түсінбей не болғанын сәби бөбек
От шашты көздерінен дөп-дөңгелек.
Ананың алқымына толды ашу,
Қарттардың қабағында қатты бір кек.
Қызыға қайран елдің қыз бен жігіт
Жүзінде бұрынғыдай ойнап үміт,
Жарқылдап кете барды қан майданға
Деді олар: «Ертең қайтып келеміз, күт»,
Орнаған социалистік бесжылдықтар —
Жерлерде көзің қыймас не байлық бар, С
олардың қалдырман деп жауға бірін,
Алысқа таси-таси талды иықтар.
Тізіле тартты катар поездар да,
Жарысты машинамен жабайы арба,
Мызғи ма оңайлықпен алып завод,
Теңізді қотарғанмен таусылар ма! А
мал не! Ашиды ішің бұзғың келмей
Завод түр ауыр халін түсінгендей.
Егіле жылап тұрып бұздық ақыр,
Сол аймақ болып жатты күрсінгендей.
Бергендей жерге қуат бір өзінен
Днепро ГЭС тұрды қарап мұң көзімен.
Бұзылды, жұмды көзін сол алып та,
Адамның шошынғандай мінезінен.
Дәндеген Париж, Вена, Варшавадан,
Ел жесе жорта жүріп шаршамаған,
Москваның жармасты жау етегіне
Тырмысып келгенінше бар шамадан.
Қарады дүрбісінен есер неміс,
Алдымда жатыр ма деп жер теп-тегіс.
Көзіне төнді оның зеңбіректер
Көрсетіп өңешінен отты жеміс.
Әлемнің не желбуаз әңгілері
Жүгіртті тоқсан саққа әңгімені;
Сапырып жатты олар сез соғысын
Қол бастап ескі дүние тәлтірегі.
Таба алмай жиылып жау басқа амалын,
Олар тек қаси берді қасқаларын.
Дейді ол:
«Әр тасқынға бір тосқын бар»,
Тостық біз Москвамыздың тас қамалын. —
Үрписін,— деді Партия,— өңшең қорқақ.
Дүние тағдырына бізбіз ортақ.
Соншалық, құбыжық емес сайтан деген! Жеңеміз!
Жоқ еш күмән!
Ісіміз хақ!
— Жеңімпаз ұлы Ленин туы бізге
Рух берсін, қайрат берсін!..—
Кеудемізге
Болаттай алдық құйып осы ұранды,
Құлпырып сала бердік біз ілезде,
Нақ сол кез
бүкіл дүние төбесінде
Тулаған замананың кемесінде
Қасқарып тұрды Москва капитандай
Бар өмір бір өзінін, денесінде.
Жаңғырды барлық ғасыр дауысынан
Дүние тебіренді салып ұран.
Естілді күңіренген ғаламат үн
Тұрғандай ата-баба қабырынан.
Бастық кеп төсімізге туған жерді.
Тыпыршып түсті аунап, тас тебренді. —
Соғыңдар!—деді Отан сонда бізге
Соқтық кеп!
Соққан қалай білсін енді.
Москва ма?
Тінтті фрицтер жан қалтасын.
«Москваның ең болмаса түйір тасын
Ала алмай кеттік-ау» деп өкінді олар,
Дамбалдың балағымен таңып басын.
Бұрсана бурыл шинель киген ерлер
Шыққандай болды сол кез астынан жер
Лыпылдап кетті толып кең далаға,
Көсіле төгілді кеп бір көк нөсер!
Қоп-қою аспан мен жер екі арасы
Ұшты ма туған жердің барлық тасы,
Ұшты ма бар бүркіті, бар қыраны,
Желкеден шықты жаудың көз шарасы.
Сезді жау қайда келіп ұрынғанын.
Жындана жаздап қалды Гитлер залым,
Жыртқыш аң, тісін қайта суыра алмай,
Көруші ек жанталаса жұлқынғанын.
Дәл солай болды дұшпан.
Амалы не?
Ертерек қарамапты өз әліне.
Осылай шырмалатын жау қырсыққа,
Кете алмай не беріге, не әріге.
Бет қайда сауға сұрар, қоялық дер?
Арсыз жау өмірінен әлі үміткер.
Жындана түсті қайта бұрынғыдан,
Құныққан ел қанына ол бандиттер.
Ұмтылды Сталинградқа.
Басты егеске.
Соны алмай қоймаймыз! деп салды өңешке.
Біз дағы кеттік сол кез ерегісіп,
Царицын бір кездегі түсіп еске.
Келді жау қасиетті сол қалаға.
Жайдық біз жанымызды осы араға,
Құмарта тіктік басты құрбандыққа,
Суырды серт семсерін құшырлана. Баласы
орыс,
қазақ,
грузин,
татар...
Барлық ұлт сол арада тұрды қатар,
Сол жерде түйді кегін бүкіл Отан,
Сол жерге төгілді кеп барлық қаһар.
Басталды қанды айқастың кереметі,
Сілкінді дүниенің қиыр шеті,
Тістесіп қалдық қатып бір орында,
Жаудың да осы арада жарылды өті.
Бытысып араласты күн менен түн,
Жасырды бар әлемді бұлт пен түтін,
Жалынның қара-қошқыл арасынан.

Басқа да өлеңдері

Дауыл

  • 0
  • 0

Ышқына соққан дауылға
Құмартушы ем жасымда.
Нөсерлеп құйған жауында
Қызығушы ем жасынға.

Толық

Бесік жыры

  • 0
  • 0

Әлди, әлди, әлпешім!
Ұйықта деймін, ұйықтайсың.
«Мә-мә» берсем қайтесің,
Ұйықта десем, ұқпайсың.

Толық

Алатау

  • 1
  • 5

Алатау бұлт асырмай асқарынан,
Тұр қарап туған дала аспанынан.
Асылып Алатауға ай менен күн,
Жарқылдап шұғыла шашқан тастарынан.

Толық

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз