Өлең, жыр, ақындар

Жанарыңнан таң күліп

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2169
Кетер сенің жүрегіңнен балқып таң,
Күлкің сенің айдын бетін шалқытқан.
Көңіліңнен анау ұлы тауларға,
Әппақ болып мәңгі-мәңгі қар жұққан.
Атар сенің жанарыңнан таң күліп,
Дүниені жібересің ән қылып.
Сенің жаның ақша бұлттан биіктеу,
"Биіксің" деп тұр ғой жартас жаңғырып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сынық қанат көбелек

  • 0
  • 0

Байқатар ма керуен жылдар озғанын,
Байқатар ма асыл кездік тозғанын.
Байқатар ма кеудедегі бір үміт,
Арман атты асуға қол созғанын.

Толық

Қыран жеткен

  • 0
  • 0

Жетіпті биігіне қыран бүгін,
Көрсетер қыран солай қырандығын.
Туған жер мәпелеген түлек үшін
Ақын да ағыл-тегіл құяр жырын.

Толық

Қымыз

  • 0
  • 0

Құя түсші, жеңеше, қымызыңды,
Басылсын шөлдегенім күнұзынғы.
Серілер әлде менен іркілді ме,
Қалайша домбыраның үні үзілді.

Толық

Қарап көріңіз