Өлең, жыр, ақындар

Жамағат жартасында

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1213
Жамағаттың жартасында ойланып,
Отырды ақын, әр қиялды ойға алып...
Отырды ақын, жыр отымен алаулап
Аққу арман, қанат қағып айналып.
Ақын ойы бара жатты қырды асып,
Жаныңда оның жаны сүйген жыр — ғашық!..
Отырды ақын, өкініш өртеп өзегін,
Қарт Кавказдың "тұтқынымен" сырласып.
Кезді талай Кавказдың өр заңғарын,
Өлеңге өріп шыңның қатал заңдарын...
Батар күннің шұғыласына бояды,
Кекті жырмен суғарылған қанжарын...
Сен жаныңның қаламадың тыншуын,
Сені өзгеден аулақтады шышыл үн...
Кіршігі жоқ жүрегіңе ұқсаттым,
Құрақтағы мөлдіреген түн шығын.
Толғап күйін, тілін ұқтың Теректің,
Қайыспадың, қаламыңды жебе еттің.
Зіл сыйламай, жыр сыйладың өмірге,
Өзі де сол, адамзатқа керектің.
Ақын ойын тек ақымақ шектеген...
Бәлкім, содан тұтанды ма кекті өлең...
Гүл ернінде уылжиды уыз жыр,
Ақырғы әні, ғашық дәмі кетпеген!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айнабұлақ

  • 0
  • 0

Бір бастау ағып жатыр сайға құлап,
Бұны жұрт атайды екен "Айнабұлақ".
Бұралған бұрымыңдай жас арудың
Самалмен ырғалады майда құрақ.

Толық

Алатау – достық күмбезі

  • 0
  • 0

Тау жайлы ақын қалай толғансын жай,
Ойларым тасқындайды жолға сыймай.
Алыстан Алатауым жалт қаратар
Мызғымас достығымның ордасындай!

Толық

Әлдилейді толқындар

  • 0
  • 0

Ертісті бойлап төмен жүзіп келем,
Балықшы отыр қармағын сүзіп терең.
Қайығыма жармасып қалып жатыр,
Осынау толқын сырын қызық көрем.

Толық

Қарап көріңіз