Өлең, жыр, ақындар

Көгілдір өлке, көк Дунай

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1194
Тарт, Шамша,
Өрге қарай аттың басын,
Көк Дунай бізді бүгін жатсынбасын.
Қайтайық желқайықпен желе жортып,
Ел сеніп, бұл сапарды тапсырғасын.
Асау Дунай, толқыны атырылған,
Жыр күтіп жатырмысың ақыныңнан.
Жаяйын жыр желкенін желбіретіп,
Дауылың қайда дейтін сапырылған.
Шағалалар ұшады және тынбай,
Құйылады қолыма қонатындай.
Ақ қанат асау толқын аласұрған,
Тұра тұршы аяққа оратылмай,
Осы бір сәт мәңгі есте қалатындай.
Жерде толқын, аспаннан жауын бүркіп,
Шама жоқ долы бұлтта қалуға іркіп.
Теңселдіріп қайықты тербей түсті,
Толқындардың жағасын дауыл жыртып.
Көпке дейін сол сурет айықпады,
Көңілге сонша тәтті ой ықтады
Өмірде де дәл солай тербей берсе,
Өлеңнің толқын құшқан қайықтары!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Апталар

  • 0
  • 0

Өтіп жатыр сағынышты апталар,
Өтіп жатыр келмей сенен хат-хабар.
Өтіп жатыр өзекті өртеп өкініш,
Өтіп жатыр емес уақыт тоқталар.

Толық

Болғар қызы

  • 0
  • 0

Аспан — теңіз,
Бұлт — толқыңдар аунайды.
Жамырасып,
Қақтығысып, қаулайды.

Толық

Таңбалы

  • 0
  • 0

Қарайтын кірпік ілмей таңға мынау,
Тұрсың ба аман-есен,
Таңбалым-ау!
Тасынан елік тайған,

Толық

Қарап көріңіз