Өлең, жыр, ақындар

Әнші шофер

  • 22.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1476
Құстай қомдап шофер жігіт иығын,
Әнге қосты даланың жез киігін.
Алдына алып тербеткендей болды бір
Сырымбеттің бұлт жетпейтін биігін.
Сағыныштың тербегендей мұң-легін,
Сиқыр саусақ басты сырнай тілдерін.
Мақпал дауыс маужыратты даланы,
Қандай әсем,
Қандай сазды түндегі үн!
Назды мұңға,
Сазды жырға бөлеп бір,
Орны бүгін сол әншінің бөлек тұр.
Туған жердің тынбай кезген даласын,
Беті қайтпас жолбарыс қой,
Демек бұл!
Әнмен бірге тізгінді тең басқарып,
Қажет болса жортады түн жастанып.
Еңбегімен елеңдетіп ел-жұртын,
Талантымен келе жатыр тас жарып.
Өнер десе құс ұшырмай басынан,
Қанат қақты сан қияға жас ұлан.
Сарыарқаның саф алтындай дәні мен
Сал Біржанның әнін бірге тасыған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шың жүрегі

  • 0
  • 0

Күн маңдайын шың төсіне тіреді,
Ағыл-тегіл сыр шертті шың жүрегі.
Жентек-жентек қарды сайға лақтырып,
Епке көктем сақылдап кеп күледі.

Толық

Қайтқан құстар әні

  • 0
  • 0

Күз аспаны қайта-қайта түнеріп,
Кербез дала кемеліне түр еніп.
Ақ қалпағын шекесіне қондырған,
Алатауым ат үстінен шіреніп.

Толық

Жапырақтар

  • 0
  • 0

Жапырақтар тоңады,
Сарғаяды, оңады,
Өткен сайын әр күнім
Жұқартады,

Толық

Қарап көріңіз