Өлең, жыр, ақындар

Уақыт

  • 28.08.2018
  • 0
  • 1
  • 5116
"Каждая минута, какова бы она ни была, пронизывает меня восторгом и счастьем".
У. Уитмен

Барасыңдар қай жаққа кетіп бәрің?
Сырт-сырт етіп тоқтамай өкінтті әр үн.
Бір сөз, бір ой, бір демге ұзарыңдар,
Құдіретті, қуатты секундтарым!
Сағаттардың тілімен құйғып бәрің
Алып қашып өмірдің сыйлықтарын,
Зырлайсыңдар, қуамын күні-түні
Қатал, өктем, қашаған минуттарым!
Таныр ма еңдер менде асқақ талап барын,
Талып бара жатқандай қанаттарым...
Табысым мен намысым... санап бәрін
Сабылмаңдар, сабырсыз сағаттарым.
Күн күледі, сонан соң түн кіреді,
Түн көзімді сәл ғана ілдіреді.
Қатал патша — уақыт, бізден артық
Қадіріңді өзіңнің кім біледі?!
Қарамаңдар өткенге сынай бәрің,
Әлі айтылып болған жоқ ұлы ойларым.
Асықса адам асықсын, сендер бірақ
Асықпаңдар апталар, күн, айларым,
Барлығын да жұтады жойқын ғалам,
Жойқын жылдар, адамға айқын бағаң.
Айналайын минуттар, аялдаңдар,
Ақиқаттар қалмасын айтылмаған!



Пікірлер (1)

бота

күшті

Пікір қалдырыңыз

Көкейкесті

  • 0
  • 0

— "Дүрбелең дулы қаланың
Дүкені қайда, қалқам-ай?
Өтердей мына ағаңның
Өзекті шері тарқамай.

Толық

Ант

  • 0
  • 1

Елбасы:
Тәуекел дедім!
Ант еттім
Тәуелді болып көнбеске.

Толық

Аппақ қар, жасыл шыршалар

  • 0
  • 0

Қол бұлғайды мың үміт, мың сан арман,
Құралатын сияқты жыл солардан.
Жұлдыз біткен қонғанда жылтыр қарға,
Жылдың иісі шығады шыршалардан.

Толық

Қарап көріңіз