Өлең, жыр, ақындар

Самырсындар

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2550
О, тәкәппар тәңір шындар,
Сал қарағай, самырсындар.
Алатаудың ұшып келген
Қарлығашын танырсыңдар.
О, сиқыр тау ертек емген,
Жастық жалын өртенем мен.
Мен бір титтей жыршы құсың,
Жүрек күйін шерте келген.
Сылаң қаққан сырлы өзендер,
Сағым құшқан нұр белеңдер.
Сырнай самал, қырмызы гүл,
Саған қалай құр келем мен.
Аққу бұлттар үлпілдеген,
Үрке көшіп жүрсің неден.
Тау да, тас та, самырсын да
Сөйлеп жатыр бір тілменен.
О, тәкәппар тәңір шындар,
Сал қарағай, самырсындар.
Алатаудың ұшып келген
Қарлығашын танырсыңдар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жанымның жапырағын сілкіндіріп

  • 0
  • 0

Қапыда қалмасын деп күлкің бұғып,
Кеудеме қиқулаған дүрсіл кіріп,
Жүремін бар ойымды ортаға сап,
Туған ел!

Толық

1980

  • 0
  • 0

Жаңа жыл! Кештеріңді жақсы көрем,
Жандарға сыйлайтұғын шаттық ерен.
Жүректі жалынға орап жандырады,
Жарысып, екі тентек жастық, өлең...

Толық

Жеңеше

  • 0
  • 0

Жеңешетай, шыным, сырым,
Бірің балсың, бірің шырын.
Отырсайшы жаныма кеп,
Қайнайды ғой ірімшігің.

Толық

Қарап көріңіз