Өлең, жыр, ақындар

Түн

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2778
Түн.
Мен ғана ояу, сергекпін,
Ойлар мені мазалайды тербеп тым.
Түсінем ғой заңдарын бұл өмірдің,
Жатқан жоқпын мен ішінде жөргектің.
Түн.
Көше бойлап өтеді жұрт тынбаған,
Күзетшімін, түн тынысын тыңдаған.
Сырға толып ақ қайыңдар саясы,
Беу, қос жүрек бір кеудеде тулаған.
Түн.
Ақын отыр өлең жолын жаттаған,
Қасірет құшып, жалын құшып жатты адам.
Елегізем, кезіп кеткім келеді,
Жас болып па, түн қасіреті батпаған.
Түн.
Тынбайды оттар зулап өтіп ағылған,
Кейбір есік, сарт ете қап жабылған.
Кейбір есік, тымық түнде қағылған,
Ұйқы сергек, ауыр едің неғылған...
Түн.
Өртеп кеудемде аунайсың,
Қара көз жігіттен аумайсың.
Мен қаншама берілмейін десем де,
Сен жауынгер батырдайын жаулайсың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балықшылар жыры

  • 0
  • 0

Жайлы тыныс, ескек желі батыстың,
Кезе алмайды бұл маңайды жат ешкім.
Көк толқынға шалма тастап асаудай,
Жүзіп жүрді балықшысы латыштың.

Толық

Көз тігіп

  • 0
  • 0

Елеңдеп сенің жолыңды күттім,
Қайтқанша ұзақ сапардан.
Өртеген жанды
Жалынды жұттым,

Толық

Жар назы

  • 0
  • 0

Дала жасыл, жаз-арман,
Ұйқыдан ерте оянып.
Шындар бұлттан тазарған,
Арайға түсі боялып.

Толық

Қарап көріңіз