Өлең, жыр, ақындар

Қанипа Омарғалиқызына

Туған жері -өр Алтай аясында ,
Білім алды Семейдің қаласында .
Ұстаздықты бастап ол туған жерден,
Өмірінде сан түсті дара сынға .

Еңбек етті өмірдің әр төрінде,
Ие болды ол сыйға өз елінде.
Монғолдың "Дарынды ұстаз " атағын ап,
Тақты Крупская медалін де .

Бұл кісі білім мәнін ескерді шын,
Халқы да оның жақсы көп көрді ісін.
Кеудеге тақты "Құрмет " ордені мен, "Ыбырай Алтынсарин " төсбелгісін.

Өмірі білім деген арнада ақты ,
Сол білімнен сан мәрте алқа тақты .
Көп жыл бойы елеп оның еңбегін,
"Ең үздік ұстаз " деген алды атақты.

Кетсек тағы жеңісін арнайы атай,
"Құрметті азамат"қып Тарбағатай.
Еңбегіне бас иіп қазақ елі ,
Мәңгі сақтар есінде еш ұмытпай.

Арттағы ізбен бұл өмір болар мәнді,
Кеудесіне сыйдырған сан арманды
Қанипа Бітібаева апай да енді ,
Қазақтың тарихында қалар мәңгі !!!!



Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.

Пікір қалдырыңыз

Мен қазақпын

  • 0
  • 0

Көңілдегі жыр-әнімді ақтарамын,
Халқымды қазақпын деп басқарамын.
Тілімді,дәстүрімді сақтағанмын,
Сен арқылы қазақпын деп мақтанамын!

Толық

Үш бәйтерек бес арыс

  • 0
  • 1

Үңілдірсе тарихқа ой тереңі,
Есте сақтар қазақтың байтақ елі.
Ілияс,Сәкен және Бейімбет қой,
Қазағымның алып үш бәйтерегі.

Толық

Қызылорда қаласына - 200 жыл!

  • 0
  • 2

Сәулетті әсем қалам Қызылордам,
Сыйлаған мендей ақын ,қызына арман .
Көз жүгіртсем кешегі өткеніне ,
Сенде талай тарихтың жүгі қалған .

Толық

Қарап көріңіз