Өлең, жыр, ақындар

Оралман қыздың монологы

Итермеші, бауырым, көкіректен,
Сөз сүйекті барады, тесіп еттен.
Өз еліңде өзіңді өгейсіту -
Қиын екен, тірідей жетім еткен...
Шауып алар деп пе едің, шаhарыңды,
Жан емеспін, тегін олжа несіп еткен.
Жымыраңдап, сырт берген бауырымның,
Жылы шырай танытса, несі кеткен...

Бұлғақтаған үкісі ем, құдашаның,
Бұлыңғырға айналды-ау, бұла шағым.
Бұлт астынан бұлдыр ой күн іздесе,
Кімге барып, кіршіксіз сыр ашамын?
Кіндігімді кір жуып кеспесем де,
Кімнен кеммін? (Өзімді жұбатамын)
Кірме атанар жөнім жоқ, кіріптар боп.
Үлесім бар, еншімді сұратамын.
-Кімсің-ей! -деп итерме, кеудесінен,
Үйірінен адасқан құлай тайдың...

Ата алмаған таң едім, бір атармын...
Жүген-құрық тимеген шу асаумын.
Сынығымын, жоғалған алтыныңның,
Кім екенімді айтсам ғой, жылатармын:
Бөлтірігі бөрінің сырттан келер,
Тектіліктің жалғасымын бір атаның.
"Еврей" деп ойлап па ең, әлде "неміс"
Ежірейе қалдың ғой, "братаным"

Итермеші, бауырым, көкіректен,
Сөз сүйекті жарады, тесіп еттен.
"Қаңғып келген" қазақ жоқ, өз елінде.
Сендер ғой, осылай деп жетім еткен...
Шынар Кендін



Пікірлер (2)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді белгілеуді де ұмытпаңыздар.

Балсулу

Оралмандарды Иттер жақтырмайды

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз