Өлең, жыр, ақындар

Мен өмірді жырлаймын!

Қымбат өмір оны көре білгенге,
Не жетеді күліп ойнап жүргенге
Тыныштықты арам ойлар бұзады
Пендешілік нәпсі құмар кей пенде.

Адалдықты көксейді адам баласы,
Әттең бірақ болмаса екен шаласы
Ортағада қарайды екен жас буын
Айырмайды әзір ақ пен қарасын.

Айтқан әрбір сөздерге сен сенесің,
Татып дәмін наша деген бәленің
Обалына қалды оның әлде кім
Өкініштен өртенеді өзегің.

Әй пенделер тыңда бері қараңдар,
Иман керек жаны таза адамдар
Мешітке бар,ойың сенің тазарсың
Сауап жасап қажылыққа барыңдар.



Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар