Өлең, жыр, ақындар

Қара шаңырақ

Қайран үйім қалыпсыңғой ескіріп,
Мен оралдым қадіріңді кеш біліп.
Әкем салған өз қолымен шарбақтың,
Қора жәйдің зар-мұңы тұр естіліп.

Есейгенде кетіп едік жамырап
Қалды содан қайран үйім қаңырап
Балалықтың, Ата-намның аяулы
Жалғыз көзі осы қара шаңырақ.

Мініп алып анамның арқасына
Келгендей бір жұмақтың дәл қасына.
Балалыққа кеудемде бар сағыныш
Симай жатқан "Көксудай" арнасына.

Не жетсін пах шіркін-ай ауылыма?
Ғашықпын шаң, балшығы, дауылына
Ескі үйім есіме салды бүгін
Сағынып келдім басшы бауырыңа



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар