Рұхани жаңғыру

Жаңғырады,жаңғырумен əлем тағы жаңарады
Жаңарып бір қанат қағып,жасарады
Желтоқсанның ызғарлы лебі өтіп,
Рухани жаңғырумен тоғысады

Жаңарады,бұл ғалам жаңғырады,
Жаңғырықпен кім қалай таласады?
Рухани толығумен толысқанда
Артынан өшпес-кетпес із қалады.

Өткен күн желтоқсанның ызғар күні
Болып ед,естен-кетпес ұзақ түні.
Пида боп,жан ғаламат бейбіт үшін
Сыңғырлайды содан бері оның үні.

Тəуелсіз халық болу,дара болу
Сол бір кездің мақсаты ед қалыптасу.
Орындалып алға қойған армандары
Желтоқсанның жаңғырығымен,үнімен.

Міне енді рухани жаңғырамыз күресіп,
Желтоқсанның жаңғырығы тұр ғой бізбен үндесіп.
Армандарға мақсат қойып əрқашанда
Талпынамыз болашақпен жүздесіп.

Болашаққа бағдар алып жатыр жастар,
Біліміміз алып шыңға жолды бастар.
Қолданысқа кіргізіп сол санамызды
Мəнді ететін келешекті біз ғой достар!

Жаңғырықпен жаңарып бір үндесейік,
Тарихпенен тоғысып кеп жүздесейік.
Қазақ деген асыл атқа лайық болып,
Абыройлы елімізді гүлдетейік!

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)