Өлең, жыр, ақындар

Күзгі дала аспаны

  • 14.12.2018
  • 0
  • 1
  • 6915
Бұл күн де өтті,
Алаңдатып, әр қадамын санатып,
Дыбыс шықса жуық маңнан
Өзіне жалт қаратып.
Бұл күн де өтті,
Жанарынан нәзік сәуле таратып,
Ақ арманды, ақ үмітті
Бауырынан жаратып.
Бұл күн де өтті,
Басқа күннен өзгермей,
Еске оралса қандай ыстық
Өтіп кеткен кездер кей.
Бұл күн де өтті,
Күмән салып көңілге,
Жаным тынбас, сағынышым,
Өзіңді бір көз көрмей.
Бұл күн де өтті,
Төзімімді көгендеп,
Ұшқыр сезім шалыс басса
Сабыр шіркін тез өңдеп.
Бұл күн де өтті,
Дұспанымдай табалап,
Жақсылық пен жамандықты
Көзден тізіп саралап.
Бұл күн де өтті,
Өлең қақпай қақпаны,
Талып қана естіледі,
Әлдекімнің жақсы әні.
Бұл күн де өтті
Таңбадай боп тастағы,
Толып кетті құс үніне
Күзгі дала аспаны...



Пікірлер (1)

Аяулым

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Түн даланы тербетіп

  • 0
  • 0

Әлдилейді түн даланы тербетіп,
Анау тұрған дала ғажап желдетіп.
Дала жазық далада қыр, жыра бар,
Мінездер бар сол сияқты кем-кетік.

Толық

Қайда, құрбым, сол бір тәтті күндерің

  • 0
  • 0

Көктем екен жас қайындар бүр ашқан,
Жасын төкпей,
Жадыраған сұр аспан.
Қырда қызыл қызғалдақтар ашылып,

Толық

Мен аңсаған көктемің

  • 0
  • 0

Жанарыңды талдыратын —
алыстағы қырандар,
Жанымды алау жандыратын —
қайталанбас бір ән бар.

Толық

Қарап көріңіз