Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Мұқағали Мақатаевқа

Өлеңімен көрсеткен шыншылдығын, паңдығын,
Әсерменен жеткізген шырайлы күн, таң нұрын.
Қисынымен келіскен әрбір буын, тармағы,
Сырын шертіп, көрсеткен қуанышын, бар мұңын.

Ақын болсам, сіз сияқты, ізгі арманым,
Сүйсінемін оқығанда әр тармағын.
Өлеңдері керемет сырға тұнған,
Өте ерек, дара бір жол таңдадым.

Оқимын да әр шумағын, шабыттанам,
Ұйқасқан тамаша ойдан шабыт алам.
Қолға қалам серік еткен шақтарымда,
Ұлы ақынның жырларын еске салам.

Биік шыңның өзің ғой мұзбалағы,
Биіктен көрінетін көк пырағы.
Өлеңімен ұштасқан ой - өрісі,
Алатаудың өзіңсің ақ шынары.

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (1)

Айым

oyan мен 18 дің арасында "пробел" болмауы керек. oyan18 деп бірге жазылуы керек.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...