Өлең, жыр, ақындар

НАУРЫЗ

НАУРЫЗ
Келді мейрам қазағымның төріне,
Жыл басталып, нұр ойнайды көгімде.
Жер құлпырып, жасыл желек жамылып,
Нұрын төгіп самалы, есіп өтер жерімде.

Жаңа нұр, наурыз атты мерекеміз.
Құт боп кірер, әр үйге берекеміз.
Тілеймін, ұзақ ғұмыр, бақытты күн,
Құтты болсын ағайын мерекеміз,

Арнаймын өлеңімді жыл басына,
Оңынан тусын айы ел басына.
Құтты болсын айтайық, бар ағайын,
Жаңа енген мерекелі жыл басына.



Пікірлер (2)

Дана2008

Өте керемет өлең екен күшті. Тек осылай керемет өлеңдар жаза беріңіз. Нағыз ақын ата апаларымыз сияқты нағыз ақын қыз болуыңызға тілектеспін.

Ерлан

Өте керемет өлең екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз