Өлең, жыр, ақындар

Оян

Шабыттанып, қолыма қалам алып,
Жазайын жыр оянсын деп ұлы халық.
Уақыт, шіркін, байлықпенен өлшенбейді,
Жүрмейікші барша әлемнен қапы қалып.

Шырт ұйқыда жатқан қалың қазақты
Көрмесін деп қасіретті азапты,
Міржақыптай қаншама ақын бабалар
Білім нәрін себуменен оятты.

Азатықтың таңы атқалы арайлы,
Технологиялар таңғалдырды талайды.
Көпшілігіміз ғаламтордан бас алмай,
Кітапқа да жуытпадық маңайды.

Бақыласам, бағдарласам халқымды,
Заманауи көшке ерем деп талпынды.
Адамгершіліктен жұрдай болып, бірақ та
Жоғалтпашы өз қазақи қалпынды.

Сақтайықшы тәрбиені, тектілікті,
Намысты қолдан бермес өршіл рухты,
Сол бір аңқылдаған ашық-жарқын мінезің
Қажет етер елгезектік, ептілікті.

Қанатын кең жайған қырандайын,
Өнер іздеп, биікке ,елім,ұмтылайын,
Өнерлі өрге жүзер дейді емес пе
Бос ойын-күлкіге шалқымайық.

Бабалардай ұрандатып '' Оян қазақ''
Алдымызға қояйық нақты мақсат.
Білім алып, ерінбей еңбек етіп,
Жеңістерге жетейік талай ғажап



Пікірлер (1)

Жарас. Ару

Оте жаксы осындаи олендер оте кажет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар