Өлең, жыр, ақындар

Атбегі

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2649
Кез болатын қол босаған орақтан,
Кез болатын көңілге нұр таратқан.
Ұлы Наурыз мерекесі, Бәйгеде,
Атқа шаптым, Құдабай қарт жаратқан.
Болатұғын ол қарт нағыз ат бегі.
Мақсатында өз дініне қатты еді.
Сондықтан да, жаратқаны жүлде алар,
Жолы болғыш, сәтті еді,
— Сынға түстің маған серік, қосшы дер,
Аттың басын тежеп ұста,
тек көмбеде бос жібер.
Бурыл айғыр — Тайбурылдай бабында,
Бойында жоқ ащы тер,
Емес менің тасқаным не асқаным,
Менсінбейтін кезінде айғыр басқаны.
Екі тезек болатұғын ішінде,
Мана оны да тастады.
Жассың әлі,
Желкеніңді желкілдетпес қай ауыл,
Бүге тұрам айтпай сөзім байлауын.
Бір қиқуды сезіп тұрған тұлпарыңа қарашы,
Жануар-ай, жанарының жайнауын...
Бұл бурылдың жанында өтті көп кешім,
Сезем және еңбегім еш кетпесін,
Еш уақытта тұлпарларға қамшы ұрма,
Етігіңмен қыса көрме өкпесін.
Ортасына түстің дода-дүлейдің,
Жоламасын маңайыңа үрей-мұң.
Тұлпар мінген тұрымтайдай тұлымдым,
Ал шап, енді,
Сүрінбеуіңді тілеймін.
(Деген едің сапар тілеп,
Қайран менің Атбегім,
Жайшылықта мейірімді едің,
ал мақсатта қатты едің,
Келер жылы, аяулы ата, өзіңді,
Сұр жебемен аяуы жоқ атты өлім).
Дәуірлеген мезгіл екен аз уақ,
(Бұндай кезде өперпаздың жатар әрбір назы ұнап).
Сол бәйгеде бурыл айғыр көмбеге,
Өзгелерден дара келді азынап.
Ауылдастың кетті көңілі аспандап,
(Адам қандай бақытты еді сезім толқын тасқанда).
Ал, Құдекең «Тфа-тфа, тіл тимесін», — дей берді,
Жалын тарап бурылдың.
Жанарынан жас парлап.
Содан кейін айта алмадық асқақ ән,
Содан кейіп мақтануға жасқанам.
Тайбурылға басқа бала отырды,
Жаратты да басқа адам.
Содан кейін бурыл бағы жанбады.
Шабысына ешкім көңілі қанбады,
Атбегі қарт дүниеден өтті де,
Батты әркімге тұлпардың,
Тұғыр болып қалғаны.
Содан бері көп күн шықты көгімде,
(Бір жебеуші керек екен тегінде).
Жыр бәйгеде құр қап жүрмін жүлдеден,
Бір атбегім, табылмай-ақ менің де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ана тілегі

  • 0
  • 0

Балам,
Балам,
Көз нұрым, қарашығым,
Анашың жиды өзіңе бар асылын.

Толық

Жетсе өмірім...

  • 0
  • 0

Дос едік,
Құрдас едік,
Сырлас едік,
Жүретінбіз жүректе нұрға сеніп.

Толық

Бекет-Ата байламы

  • 0
  • 0

Сұлулардың мықынындай мықыны
Кекіліне татар сәндеп үкіні.
Көшпенділер үшін қымбат бәрінен,
Қас тұлпардың тұқымы.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар