Өлең, жыр, ақындар

Құйшы, досым

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2061
Құйшы, досым, күтпейікші тамақты,
Тартып - тартып алайықшы шарапты.
Көңліміздің тозаңы бір басылсын,
Көзіміздің кірбеңі бір ашылсын.
Құйшы, досым, күңгірт ойлар серпілсін,
Кеудемдегі аласапыран сел тынсын.
Қуанышым қыранша бір сілкінсін,
Тұман ойлар тұманша бір жыртылсын.
Шырқайықшы, шырқайықшы Нартайша,
Накеңді ойлар шіркін жігіт қартайса.
Басташы әнді, тар бөлмеміз кеңейсін,
Келсін достар, қатарымыз көбейсін.
Келсін достар, келсін түгел, жиналсын,
Домбырадан ұсынатын күйді алсын,
Жүректерден ұсынатын сыйды алсын,
Көтере алмай көп сыйларды қиналсын.
Басташы әнді, тар бөлмеміз кенейсін,
Келсін достар, қатарымыз көбейсін.
Көңліміздің тозаңы бір басылсын,
Көзіміздің кірбеңі бір ашылсын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Катерина

  • 0
  • 0

Катерина неге солғын,
Ауру ма екен, әлде жаны;
Ойнамайды, неге бүгін,
Естілмейді салған әні?..

Толық

Бір ініге

  • 0
  • 1

Кеңесім ғой ағалық,
Болмашыға мастанба.
Емес елге жаңалық
Жеткізбеуің қашқанда.

Толық

Інілерге

  • 0
  • 0

Қартайдық - ау, құрбылар, бәріміз де,
Тек мейірімді болсын жас кәрімізге.
Шаш буалдыр, көз бұлдыр тартса – дағы
Жүрек оты өшпейді әлі бізде.

Толық

Қарап көріңіз