Өлең, жыр, ақындар

Дәужан Алматыда

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1219
Астана таңы бозарды,
Ұйқыда көбі адамның.
Жуылған қалмай тозаңы
Ленинмен аттас алаңның.
Қолымен күнді шығарып,
Көтеру үшін аспанға,
Өзгеден бұрын сыбанып
Ленин тұр ісін бастауға.
Бұлыңғыр көзін болдырған
Алмайды ұлы Лениннен,
Ажарын уақыт солдырған,
Сақалы жерге төгілген.
Отыр бір қария, таныңдар,
Осы қарт менің Дәужаным,
Келген - ді аңсап ауылдан
Көруге қамқор Әлжанын...
Бұлыңғыр көзін буланған
Ала алмай отыр Лениннен
Уақыттың қою тұманын
Аралап қайтты көңілмен.
Күбірлеп есеп береді
Көсемге ұзақ өмірден,
Өзгелер естір демейді,
Сырласып отыр Ленинмен.
− Болды ғой кездер көңілсіз,
Көтердік небір ауырды.
Күндерде қиын өзіңсіз
Жүдетіп те алдық ауылды.
Оңай-ақ екен күйрету
Ежелгі ескі ауылды,
Қиын-ақ екен үйрету
Жасауда жаңа қуымды.
Өсектер оттай лаулады,
Қоймайды құлақ ешкімге.
Кірдім де кеттім артельге,
Дұрыс деп солай шештім де
Соқа да тарттым жегіліп,
Жасамай міндет ешкімге.
Жөнелдім терім төгіліп,
Белшеден бейнет кештім де.
Қарын да ашты, күйзелдік,
Жоғалттық, құрдас, талайды,
Қинала жүріп күйлендік,
Іздемес болдық оңайды.
Сонау бір әлсіз артельдің
Атын да қойдық Ленин деп,
Қададық қызыл жалауды
Алыстан Ленин көрсін деп...
Қиындар қалды қиырда,
Көтере бердік Ленинді.
Айтатын болды жиында
Әнді де жұртым көңілді.
«Сенсіз де егін егілер»,
«Сенсіз де пішен шабылар»,
«Сенсіз де қырман алынар»,
«Сенсіз де малдар бағылар...» -
Деді де жастар босатты
Көнімді күнде сүйреуден.
Жата алмай жүрдім үйде мен.
Жұмысты тастап үйренген.
Біледі кәзір барлық ел
Байыған біздің Ленинді
Көтерген жалау күмбездер
Алысқа тіпті көрінді.
Балалар қандай өнерлі,
Балалар қандай сенімді!
Егеді қандай егінді,
Алады қандай өнімді!
Өзендер өрге бұрылды,
Көгерттік бетпақ - шөліңді,
Ұзарттық өмір сүруді,
Қысқарттық қыршын өлуді,
Көлеңке жапты көзімді,
Білмеймін кімге керекпін...
Сұраса бірақ, өзімнен
Керекпін әлі демекпін.
Отырсам кейде ойланып,
Түсіріп еске талайды,
Сығалап ажал әйнектен,
Қызыға маған қарайды.
Аңдып жүр мені ол көптен.
Ала алмай әуре байқаймын. –
Тойдың ба дейді тірліктен?
Басымды жаймен шайқаймын...

1960



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Уақыт қуып

  • 0
  • 0

Уақыт қуып айдады күнді ілгері,
Алыстайды өткеннің күмбірлері.
Елу жылда елменен жер жаңарып,
Ұмытылар адамның көргендері.

Толық

Адам

  • 0
  • 0

Бала едім мен ол күндері
Қарным ашса жылайтұғын,
Жылап тамақ сұрайтұғын
Әйтсе де мен ұмытпаппын,

Толық

Жамал Омарова

  • 0
  • 0

Кеткен соң қайран жастық көз көрмеске,
Қоймайды шіркін уақыт өзгермеске.
Әжелер көздің жасын мөлтілдетер,
Алғанда қызығы мол күндерді еске.

Толық

Қарап көріңіз