Өлең, жыр, ақындар

Стамбулдан өткенде

  • 23.03.2019
  • 0
  • 1
  • 2013
− Стамбулда Ая сопы:
Иман жатта, құран оқы,
Құлшылық ет бір аллаға,
Шек келтірме пайғамбарға.
Нансыз қалсаң ашпын деме,
Ас сұрама, ақша іздеме,
Бұл жалғаннан іздеме үміт,
Жақсылықты жәннеттен күт, -
Деп үйреткен маған молда
Оқып қайтқан Стамбулда.
Көрдіңіз бе, мен де болғам мұсылман,
Жас жүрегім шариғаттан қысылған.
Қорқақ жаным құлдық ұрып құларда
Ленин мені құтқарған да ұшырған.
Босаттым да жүрегімді алладан,
Тостым селге, тостым желге сарнаған
Тақтым талмас қыран бүркіт қанатын
Құз-қияда, мұз ұяда самғаған.
Кеудем күйлі домбыраға айналды,
Айтты тілім адамға дос ойларды.
Әнмен бастап, аяқтадым әніммен
Ғашықтарды табыстырған тойларды.
Жырладым қызығы үшін ермектің,
Ырғағыма күйін қостым еңбектің,
Тәтті үніммен түн тынысын аялап,
Әлдиледім, сәбилерді тербеттім.
Шыңға шықтым, кеңіске көз тастадым,
Арнап әнді алыстарға бастадым.
Сүйді мені бұлтсыз жарық өз күнім,
Сүйді мені қиялымдай аспаным.
Келем міне теңіздерді кешіп мен,
Қарайды жұрт хабарымды есіткен,
Қарады әні кәрі Стамбул жағадан
Қадап біздей көзін маған өшіккен.
Мінбесінде кәрі әтештің байырғы
Әуеніне қосып қайғы, уайымды,
Намаз әнін сұңқылдатқан азаншы –
«Ләилаһа иллалла!» мен қайырды.
Ал мен тұрмын биігінде кемемнің,
Ұстап туын Хикмет сүйген өлеңнің.
Қалды азаншы қазығында байлаулы,
Көк жиекке көз тігіп мен жөнелдім.

1957



Пікірлер (1)

Нұртілек

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Қызығам ба, қызғанам ба...

  • 0
  • 0

Қызығам ба, қызғанам ба білмеймін,
Суретшіні кейде ішімнен күндеймін.
Мен жатқанда көлегейлі күңгіртте,
Ол жүріпті бөктерінде күнгейдің

Толық

Біз жеңеміз

  • 0
  • 0

Апат қып Европаны тұншықтырып,
Қиратып қалаларын салған бүлік,
Фашистер өзендерге толтырды қан,
Бала мен аналарды қойдай қырып.

Толық

Бір ақын туралы әңгіме

  • 0
  • 0

Керемет еңбектен бір батыр шықты,
Даңқымен таңдандырды қалың жұртты.
«Тағыпты омырауына алтын жұлдыз,
Уа, шіркін, сол жігітті көрер ме ек біз...»

Толық

Қарап көріңіз