Өлең, жыр, ақындар

Қарауытты

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 998
Көбіне тудырса да жатқа күдік,
Әлдеқайда алысқа аттап үміт.
Жүретін сол құлыны соқа сүйреп,
Қарғадай боп қалқиып атқа мініп.
Сыр бермей шаршаса да таң ұзаққа,
Жүрер еді ол далада, аңызақта.
Жүрер еді ол шаң жұтып, сусын ішпей,
Тыным болмай оған да, жалғыз атқа.
Аңсаса да ананың құйған асын,
Сезген соң тағдырының сыйламасын.
Жүретін үлкендермен бірге қонып,
Анда-санда бір көріп үй қарасын.
* * *
Қақпады ол ашықса да жат есігін,
Таптамады ол аяққа ата есімін.
Бүгін киім кимей-ақ ер жетті ол,
Ескісін сүйрей жүріп әкесінің:
Сол киім артық еді бүтіннен де,
Жасқаншақ жетім бала күтілген бе.
Үкідей ұшып үйге жүгіретін,
Жұмысын кейде ертелеу бітіргенде.
Еркелеп өскен жоқ ол балаға ұқсап,
Өксіп өтіп жатты ғой балалық шақ.
Ауру жүзін жасырып, зорлап күліп,
Алдынан жаюшы еді ана құшақ.
Сонда оның көңілі судай тасынатын,
Мойнына екі інісі асылатын. 
Төртеу ара шүңкілдеп қара қоста,
Күн ұзын шаршағаны басылатын.
Осылай өтіп жатты өмір шіркін,
Мезгіл орнын өзгертіп дүркін-дүркін.
Сонда да көрген емес жаны жасып,
Анасы асқар тауы, түр ғой бір шың.
Демейтін сары қымыз сапырмадың,
Шетінен сындырып жеп қатырманың.
Көңіліне үлкен медеу көруші еді,
Анасының алдында отырғанын.
Сезімі Шардараға ұқсап тасып,
Қиялын асау сезім күші ап қашып.
Шешесі шерткен сырды тыңдай-тыңдай,
Кететін тәтті ұйқыға құшақтасып.
Түн мынау балбыраған, баяулаған,
Төсінде ақша бұлттың ай аунаған.
Сол түннің құшағында тынышы кетіп,
Бір жан жатыр тереңнен ой аулаған.
Ауыл жатыр маужырап ұйқылы-ояу,
Әлдекім әндетеді үйге таяу.
Қоңыр үні соншама назды ырғақты,
Әлде оның көңілінде де бар ма қаяу.
Сыйғызып бір өзіне даналықты,
Жатқан-ды шырт ұйқыда дала мықты.
Сол дала құшағында тыныс алып,
Айлы түнде қара қос қарауытты...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойлар

  • 0
  • 0

Түн ұзақ, аунақшып жатырмын,
Жұлдыздар сирексіп қалыпты.
Жат бопты-ау, дегенім жақынмын,
Бұл жаным бәрінен жалықты...

Толық

Қызыл гүл

  • 0
  • 0

Шоқтай жайнап қызыл гүл,
Желмен бірге ырғалып.
Төніп түр оған бір бұлбұл,
Басқалардан қызғанып.

Толық

Қапшағай толқындары

  • 0
  • 0

Жағасы жайқалады Қапшағайдың,
Айнала жақпар тастар,
Аппақ айдын.
Жұлдыздар жымыңдаса су бетінде,

Толық

Қарап көріңіз